Ғылыми-зерттеу қызметі әр пән бірлестігінің жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:
-ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру;
— осы саладағы ғалым мамандармен кездесу;
— ғылым мәселелерге байланысты көрмелерге бару;
— мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.
Шығармашылық жұмыс
Әр пән бірлестігінің шығармашылық қызметі ғылым тапқыштарының конкурстарын өткізу немесе интеллектуалдық, ғылыми шерулер, викториналар, кештер ұйымдастыру болып табылады. ОҒҚ бұл қызметі мен пән бірлестіктеріндегі жұмысы әр оқушының қызығушылығын арттыруға, зерттеу және эксперимент жұмыстарында балалардың қатысуына мүмкіндік береді.
ОҒҚ үйлестіруші кеңесі педагогикалық кеңеске жылдық есебін дайындайды. Осы педагогикалық кеңесте педагогтар мен жетекшілер жаңа оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндайды. Соңғы педагогикалық кеңесте пән бірлестік жетекшілері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласқан ұжым мүшелерін марапаттауға болады.
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері
Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, «problema» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық» деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол — белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;
түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;
Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – «hypothesis» — ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.
Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.