1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


Сондай-ақ, дебат өткізуді кері байланыс элементі ретінде, оқу материалдарын бекіту және танымдық қабілетті активтендіру ретінде пайдалануға болады



бет12/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Документ Microsoft Word (2) (30), Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
Сондай-ақ, дебат өткізуді кері байланыс элементі ретінде, оқу материалдарын бекіту және танымдық қабілетті активтендіру ретінде пайдалануға болады. Бірақ бұл технологияны қолданған кезде төмендегідей қиыншылықтар ұшырасты:

  • кейбір пікірсайысқа қатысушылар басқалардың сөйлеуіне, өз ойларын толық жеткізулеріне бөгет жасайды;

  • қатысушылар кейде берілген тақырыптан ауытқып кетеді;

  • барлық идеялар мен ұсыныстардың логикалық байланысын бақылап, жазуды жүргізу қиынға соғады.

Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін үйрету, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын әдістердің бірі ретінде дебат технологиясын сабақта қолдану студенттің өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, тіл үйренушінің танымдық өрісін дамытады, белгілі бір мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет жасауына ықпал етеді.

(Остальное в фото)


7 тақырып. Қазақ тілі пәндерін оқыту формалары.



2. Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлері
Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. 

Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:


1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті - ауызша баяндаудан басталады. Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады.
Лекция - жоғарғы сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, 9-сыныпта қазақ тілі сабағында жүреді. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 факультатив сабақтарында 15-20 минуттік лекция оқылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет