1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


Аргумент. Ерекше қабілет дарыған емшілеріміз ешқандай құрал-жабдықсыз адамның ауруын (диагнозын) дәл таба білген. Аргумент



бет11/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

АргументЕрекше қабілет дарыған емшілеріміз ешқандай құрал-жабдықсыз адамның ауруын (диагнозын) дәл таба білген.

  • Аргумент. Халық емшілері – сынықшы, жарықшы, оташылардың емі ешқандай талас тудырмайды.

  • Аргумент. Халық медицинасында қолданылатын дәрі-дәрмектердің негізі табиғи дәрілік шөптерден, минералды заттар мен жануарлардың мүшелерінен алынатындықтан, адам ағзасына зияны болмайды.

    Әр критерий мен аргументті алдын-ала берілген авторлардың еңбектеріндегі үзінділер арқылы нығайтамыз, фактілер арқылы дәлелдейміз. Мысалы, ұсынылған еңбектердің бірі – «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» деген кітапта көптеген нақты материалдар негізге алынып, халық емшілерінің ауруды анықтау, табу, емдеу тәсілдері осы күнгі ғылыми медицина тұрғысынан талданадыХалық медицинасындағы емшілердің ішкі ауруларды ғана емес, хируриялық ауруларды да емдеп, жазғаны туралы қызық фактілер келтіріледі. «Халық дәрігері (емшісі) науқастың сыртқы пішініне, жүріс-тұрысына, өңіне, реңіне көз сала отырып, оның денесіндегі ерекшеліктерді байқаған. Ол қолдарының ұшымен өте епті және сезімталдықпен науқастың ауырған жерлерін басып сипалап, сол жерді анық білуді дұрыс санаған. Тыныс алудағы көңіл-күйді байқаған, тамыр ұстап, жүрек жұмысын тексерген, қарынды, ішті еппен басып, ішкі ағзалардың орнын, дененің ыстығын анықтаған, түкіріктің, дәрет пен зәрдің шығу мөлшерін білген, олардың иісі мен түріне назар аударған. Тердің қалай пайда болып, қай жерден шығатынына назар аударған, бірнеше түрге: бұршақ тер, жабысқақ тер, сасық тер, қара тер, құрғақ тер деп бөлген. Жөтелді де бірнеше түрге бөлген: көк жөтел, құрғақ жөтел, шиқыл жөтел. Қақырықты да түр, түске бөлген. Оның түсінің өзеруін өкпе, кеңсірік ауруларының белгісі деп білген». Қазіргі кезде де халық медицинасы көмегімен талай адам ауруынан ем іздеуде.
    Дебат технологиясы студент бойына мынадай қасиеттерді қалыптастырады:

    • жан-жақты білім;

    • тапқырлық;

    • шешендік;

    • зеректік;

    • аңғарымпаздық;

    • сын тұрғыдан ойлауды;

    • өз ойын ашық айтуға

    • адамдармен дұрыс сөйлесе білуге;

    • көпшілік алдында сөйлеп үйренуге;

    • адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасауға.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет