Салыстырмалытіл білімі -тілдерді шыққан тегіндегі жакындығына, типологиялык құрылымына тәуелсіз зерттейтін тіл білімінін саласы. Салыстырмалы тіл білімінің мақсаты - салыстырылатын тілдердін арасындағы ұқсастықты, айырмашылықты айқындау.
Салыстыру тілдін әр түрлі деңгейлерінде (фонетика, фонология, лексика, морфология, синтаксис) мен тілдік элементтері арасында (фонема, морфеме, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) жүргізіледі: грамматикалық құрылыс, құрылымдық- семантикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтар, тілдің лексика-семантикалық категориялары т.б. Салыстырмалы
тіл білімінің негізінде салыстырмалы әдіс жатыр. Яғни, «салыстыру» деген терминді екі немесе одан да көп тілдерді салыстырғанда, мысалы қазақ және қырғыз тілін, қазақ және қарақалпақ тіліне байланысты айтамыз. Салыстырмалы лингвистиканың ғылымға дейінгі қайнар көзі күнделікті өмірдегі байқаулар деп танылуы керек. Ұзақ уақыт бойы адамзат, әсіресе аудармашылар, алғашқы тіл мұғалімдері, саяхатшылар, көпестер және т.б. «аңғал» мәдениетаралық коммуникатор- лар әлемдегі тілдердің айырмашылықтары туралы өз байқауларын жасап, қағазға жазып отырған. Салыстыру сыртқы қоршаған ортаны танып, білудің бірден-бір логикалық әдісі. Сондықтан да ол ғылымдардың барлығына тән. Фактілерді бір- бірімен салыстыру тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, әртүрлі тілдерді үйрену, оқыту процестерінде де, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған нысанның ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады.
4 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың мақсаты – коммуникативтік, тілдік, мәдени-танымдык біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс топтарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.
Қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің, мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Біздің мақсатымыз өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Үйренушіге жалаң сөздермен сөз тіркестерімен жаттанды сөйлеуге қалыптастырмай, үйренген сөздерін сөйлеуде, әңгімелескенде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Соңғы кездері қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында «қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» және «қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер көтеріліп жүр. Қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды жетілдіруді де естен шығармағанымыз жөн. Өйткені бұл өте маңызды да күрделі мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет.» дегенді шегелеп тұрып тапсырған еді. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай мәселе тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары:
- түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, дәріс түрлері жатады.
- кітаппен жұмыс істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б.жұмыстар.
- көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пай-далану т.б.
- техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс – экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құ-ралмен жұмыс істеу.
- жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз- бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
- сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, қазақ тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.Сондықтан да, түсіндіру әдісі қазақ тілін үйренуде маңызды болып саналады.
Тілді шет тілі ретінде оқыту үш маңызды элементтен құралады. Бұлар: оқу материалы, оқытушы және оқыту әдісі. Оқу материалын оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай сұрыптау, оны тіл меңгерушіге електен өткізілген әдіс-тәсілдермен ұсыну тіл оқытуда шешуші фактор болып табылады. Оқытушы әдіскерлердің тіл меңгертудегі ғылыми зерттеу нәтижелері теорияның практикадағы көрінісі болмақ.
Әдіскер зерттеушілер бұл мәселені шешуі үшін көптеген мақсаттар мен міндеттерді саралап нақтылауы тиіс.
Қазақ тілін шет тілі ретінде үйренетін оқушы кең көлемдегі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс. Осы орайда тіл оқытудың негізгі ұстанымдарын ажыратып, нақтылау – мақаламыздың мақсаты. Олар: тілдік білімнің сұрыпталу ұстанымдары, оқытудың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары [1]. Шет тілі ретіндегі сабақтың әрқайсысында тілді одан әрі тереңдете меңгеруді қамтамасыз ететін тілдік білімнің негізі қалануы тиіс. Олай болса, оқытудың негізгі идеясын тілдік материалдың мазмұны мен оны ұсынудың әдіс-тәсілдері анықтайды. Мазмұн мен ғылыми зерттеуге негізделген әдістеменің бірлесе жұмыс істеуі, олардың бірін-бірі толықтырып отыруы оқытуға қойылатын негізігі талаптардың бірі. [2;3;4].
Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тіл үйренушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Тілді оқытудың ғылыми ұстанымы – негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы ғылыми-теориялық зерттеудің нәтижесіне құрылған тіл меңгертудің әр деңгейіне қажетті грамматикалық білім мен сөйлеу материалдарын сұрыптау және оны жүйелі түрде ұсыну.
2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы. Оқыту мазмұны негізгі тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыс, әлеуметтік-мәдени салалары бойынша материалдардың тақырыптық топтастырылу әдісімен құрылуы тиіс. Ұсынылатын тілдік материал әр сабақта қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша жүйелі кезеңдерден құрала отырып, берілетін материалдың спиральды дамуын қамтамасыз ете алуы тиіс. Оқыту жүйесінің мұндай ұстанымы бірізділікке қол жеткізеді.
Түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану ұстанымы.
Біріншіден, коммуникативтік құзіреттілік тәсіл. Екінші тілдің немесе шет тілінің қарым-қатынастық, яғни функционалдық қызметін оқыту. Оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрі: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылымды (диалогтық және монологтық) меңгерте отырып, коммуникативтік құзіреттіліктің бірнеше түріне дағдыландыру мен оны қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Коммуникативтік құзіреттілік өз аясында:
лингвистикалық (грамматикалық білім және сөздік қор);
әлеуметтік лингвистикалық (тілдік қарым-қатынасқа түсу үшін мақсат пен жағдаятқа сай тілдік формаларды таңдай білу);
дискурстық (коммуникативтік айтылымдарды түсіну және соған сай тілдік құралдарды таңдап қолдана білу);
стратегиялық (вербалды, вербалды емес құралдарды қолдана білу);
әлеуметтік-мәдени (осы тілде сөйлейтін халықтың әдет-ғұрпын, мәдениетін білу) сияқты негізгі түрлерін қамтиды.
Екіншіден, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – жеке тұлғалардың әлеуметтік – мәдени, эмоционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, жекелік жұмыстармен қаматамасыз ету. Бұл жұмыстар тілді меңгерту үдерсінде берілген жаттығулар жүйесінің алуан түрлілігімен анықталады. Жаңа тілде қарым-қатынас практикасы үшін берілген тапсырмалардың саны мен түрінің көптігі, тапсырмаларды орындаудағы коммуникативтік талаптың нақты қойылуы, сөйлеу жағдаяттарына орай лексика грамматикалық құрылымдардың таңдап алынуы мен оның реті жеке тұлғаның тілді тосқауылсыз меңгеруне жағдай жасай алады. [5].
Үшіншіден, құрылымдық тәсіл. Оқытуда грамматикалық білімді неғұрлым азайта отырып сөйлеу құрылымдарын көбейту. Берілген құрылымдар: модельдер, сөйлеу үлгілері, сөйлем типтері сияқты дайын формалдық құрылымдармен жұмыс істеу. Коммуникативтік мақсатты көздеген қажетті тілдік материал қарапайымнан басталып, біртіндеп күрделене түсуі тиіс.
4. Кешенділік ұстанымы. Тілді меңгертуде сөйлеу тілінің бүкіл аспектісі тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім бір-бірімен байланыста қамтыла отырып, әрқайсысын қалыптастыруға бағытталған толыққанды жұмыс түрі жүргізілуі тиіс. Әр әрекеттің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, кешенді жұмысқа құрылған оқыту өз көздеген мақсатына қол жеткізеді.
Тәжірибеде расталғандай, бұл аспектілердің ішінде тыңдалымның салмақ-үлесі басымырақ болып отыр. Тыңдап түсіну естіген шет тілдік хабарды естіп, түсініп, қабылдауды білдіреді. Тыңдап түсінудің механизмі күрделі үдеріс.
Оқытудың мақсатына жету үшін студент шет тілді түсініп ауызекі сөйлеу актісіне қатыса алуы тиіс. Алайда тәжірибеде тіл үйренушілер ауызекі сөйлесуде ауызша хабарды түсініп қабылдауда үлкен қиындықтарға кездеседі. Оның себебі бұл сөйлеу әрекеттерінің ішіндегі сөйлесушіге байланысты құбылыс емес. Тыңдаушы сөйлеушінің сөйлеу үдерісін бақылай алмайды. Хабардың мазмұнын, тілдік құралдарды сөйлеуші өзі таңдайды, сондықтан тыңдаушы берілген мәліметті сол күйінде қабылдауға мәжбүр болады. Тыңдаушы бұл әрекетте ештеңені өз мүмкіндігіне орай өзгертіп хабарды қабылдауын оңайлата алмайды. Сондықтан тыңдап түсіну күрделі психикалық әрекет болғандықтан, әдетте тез қажытып, тыңдаушының назарын бәсеңдетеді.