1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


тақырып. Қазақ тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі



бет9/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

6 тақырып. Қазақ тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі.


Дебат технологиясы білім беру жүйесіне сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында 1993 жылы бір топ американдық педагогтардың ұсынысымен енгізілген болатынБұл технология студентті өмірдің әр саласында мысалы, медицина, білім, өндіріс, бизнесте және басқа тақырыптарда туындайтын мәселелер бойынша өз ойын, көзқарасын және мүддесін қорғай білуге үйретеді, азаматтық құндылықтарды сақтай отырып, ғылыми, кәсіби тұрғыдан бәсекеге қабылетті, сөз-сайыс жүргізе алатын маман дайындауға ықпал етеді. Дебатты мынандай салаларда жүргізуге болады:

  • оқытудың бір формасы мен технологиясы ретінде білім беру үрдісінде;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарында (ғылыми ізденісті, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, зерттеу жүргізуді қалыптастырады);

  • тәрбие жұмыстарында;

  • танымдық ойын түрі ретінде.

Дебат – бәсекелесу мен жарысудың белгілі бір деңгейін болжайтын ойын технологиясы. Бұл жерде логикалық жағынан мейлінше қисынды дәлелдер келтіре алған алған адамның жеңісі маңызды, себебі дебатта анық бір жақтың дұрыс болып шығуы мүмкін емес. Бұл, бір қарағанда, дидактика принциптеріне қайшы келеді, бірақ дебат өмір мен әлеуметтік практикаға жақын, неге десеңіз, кез келген мәселенің екі жағы бар, кез келген шешімге жақтастар да, қарсыластар да табылады. Логика мен дебат технологиясы амалдары арқылы шешіп, мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі үш принципті сақтау қажет:

  1. Қарсыластың идеялары мен пікірлеріне қарсы аргументтерді тұжырымдап айтуға болады, бірақ сол қарсыластың өзін сынауға болмайдыДебат жеке тұлғаға қарсы бағытталмауы керек.

  2. Дебаттың негізі – шындықКейде шындық өте қиынға түседі, бірақ аргументтердің жоқтығы мен қисынға келмейтін жағдайларды мойындауға тура келеді.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет