Байланысты: Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі
Салғастырмалытіл білімі жалпы тіл білімінен бөлініп шығады, ол тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, туыс емес тілдерді де салғастырады. Салғастырудың нәтижесінде әртүрлі тілдер құрылымындағы ортақ сәйкестіктерді анықтау мүмкіншілігі артады. Құрылымы ұқсас тілдер бір типке біріксе, құрылымы әрқилы тілдер әртүрлі топтарға бөлшектенеді. Тілдерді географиялық белгілеріне қарай топтастыруды санамағанда тілдер толық зерттелмеген жағдайда олар осылайша да топтастырылған. Оларды ерекше айырым-белгісіне (критерий) қарай жеке топтарға бөлу - ертеден қолданып келе жатқан зерттеудің бір түрі. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде біз барлық тілдерге ортақ қандай да бір белгілерді немесе оларда кездеспейтін ерекше белгілерді анықтай аламыз. Осылайша тілдердің ортақ белгілері туралы айта аламыз.
Салғастырмалы зерттеу - тілдердің құрылымдық және функционалдық (қызметтік) қасиеттерін шығу тегіне қарамастан салғастыра зерттеу. Салыстырмалы-тарихи аспектілермен бірге, тіл зерттеудің негізгі аспектісі ретінде контрастивтік лингвистика өзінің табиғатымен және зерттеу принциптерімен, тәсілдерімен ерекшеленеді.
Салғастырмалы тіл білімінің жеке сала ретінде қалыптасуында, оның зерттеу әдістері мен мақсат, міндеттерін айқындауда В.Д.Аракин, (1973), Дж.Буранов, (1983), В.Н.Ярцева, (1960,1981,1986), У.К.Юсупов, (1983) т.б.ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.
Салғастырмалы тіл білімінің, контрастивизмнің алғашқы ғылыми қайнар көзі салыстырмалы тіл білімі болды, ол бастапқыда тілдердің туыстық немесе туыстық емес қатынасы параметріне көңіл бөлмеді.
Екі тілді салыстырмалы зерттеулер (кейде жүйесіз, кейде толық емес) ерте кезден жүргізіле бастаған. Саналы немесе бейсаналы түрде екінші тілдің грамматикасын (ана тілінің көптеген алғашқы грамматикаларын) түсіну, (мысалы, И.П. Сусов ертеде Вавилондағы шумер және аккад тілдерінің арасында лексикалық салыстыруларлар болғанын, сондай- ақ, хетт аудармашыларының хетт және басқа тілдерді салыстыруының, Панинидің санскритті Ведик пен пракритпен салыстыруының, Орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірінде ежелгі латын және грек ғалымдары ана тілдерін латын, ежелгі грек тілдерімен грамматикалық салыстыру тәжірибелерінің болғанын айтады).