1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері



бет4/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі

Психологиямен байланысы. Психология оқушының психоло¬гиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектепокулығындағыәр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.
Ұлттық тіл мен философияның арақа­тынасы туралы пікірталас ғалымдар арасында ғасырлар бойы жүріп келе жатыр. Философтардың бір тобы философия тілін ұлттық тілдерден жоғары тұратын әмбебап тіл ретінде қарастырады. Бұл құбылыс Жаңа дәуір философтарында ерекше байқалады. Олар классикалық философияның тілі ақыл-ойдың, ойлаудың таза да шынайы бейнеленуі болуы тиіс деп есептеп, осы мақсатқа философтар мен ғалымдар емес, көпшілік халық дүниеге әкелген ұлттық тілдерді қолдануға болмайды, себебі, олар жетілмеген, тым қарапайым деп тұжырымдады және ай­рық­ша, мінсіз тілді құрастыруға тырыс­ты. Бұл ойлардың бастауы Аристотельде жатыр. Оның пікірінше, тілдер өздерінің сыртқы формаларымен ғана ерекшеленеді, ал, ішкі құрылымдары біртекті, ойлау бәрінде бірдей, яғни, тіл – ойлаудың бағынышты құралы, ойлау – алғашқы. Классикалық емес дәуірдің философтары сананың тәуелсіздігін бұзатын жігер, таптық мүдделер және тағы басқа факторларды анықтады, тілдің өзіндік табиғаты бар екендігін, нақты өмір сүретін тілдердің көптүрлілігін мойындады. Герменевтика сананың тілмен байланысын және ойлаудың тілдің соңынан жүретіндігін жария етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет