1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық процесссуалдық құқық қатынастарының алғышарттары



бет14/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   112
Байланысты:
дәріс

Азаматтық процесссуалдық құқық қатынастарының алғышарттары. Жалпы танылған ереже бойынша құқық қатынастарының жалпы теориясымен аңықталған , заңмен бекітілген, яғни құқық қатынастарынан туындайтын алғышарттар ретінде айтамыз.
Бұл алғышарттар екі түрге бөлінеді: жалпы ( абстрактілі) және негізгі.
Жалпы алғышартқа: құқық нормалары; құқық субъектілік;
Негізгі алғы шартқа: құқықтық қатынастың туындау негізі; заңдық факт (әрекет , әрекетсіздік, оқиға, жағдай немесе заңдық фактілердің жиынтығы танылады.
Осыдан қорытындылайтын болсақ, азаматтық процессуалдық құқық қатынастың туындауына үш алғышарт қажет:
1. азаматтық процессуалдық құқық нормалары;
2. процессуалдық құқық қатынасқа қатысушылардың құқық субъектілігі;
3. заңдық факт;
Азаматтық процессуалдық құқық нормалары - бұл құқықты соттар арқылы жүзеге асыруда процеске қатысушылардың, соттық әрекеттерін реттейтін жалпы танылған ереже. Процессуалдық құқықсубъектілік: процессуалдық құқық қабілеттілік және процессуалдық әрекет қабілеттіліктен тұрады.
Процессуалдық құқыққабілеттілік – құқықтарға ие болу мүмкіндігі. Ол адам туғаннан бастап өмірінің ақырына дейін болады.
Процессуалдық әрекет қабілеттілік – есі дұрыс және кәмілетке толаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алу мүмкіндігі. 14 пен 18 жас аралығыныдағы кәмілетке толмағандарда жартылай әрекет қабілеттік болады.
Заңдық факт- бұл процессуалдық қатынастардың туындауы, өзгеруі және тоқтатылуымен байланысты азаматтық құқық қатынас нормаларымен қарастырылған өмірлік мән –жайлар.
Процессуалдық құқыққатынастар азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларымен реттелген болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет