1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары



бет27/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112
Байланысты:
дәріс

7 ТАҚЫРЫП. СОТТАҒЫ ӨКІЛДІК
Соттағы өкілдік пен соттағы өкілдің түсінігі. Соттағы өкілдіктің негіздері мен түрлері. Соттағы өкілдің өкілеттігі.


Дәріс
Соттағы өкілдік пен соттағы өкілдің түсінігі. Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматттар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматттың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
Өкілдік – басқа адамның (өкілдік берушінің ) атымен бір адамның (өкілдің ) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкіллеттігі күшімен жасаған мәмілесі, өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Сотта өкілдік ету дегеніміз- басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс- әрекеттер жасау.
Сотта өкілдік ету- басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан ( өкілдік берушінің ) өзіне берілген өкіллетттігі шегінде процессуалдық әректтер жасайтын бір тұлға ( өкіл етуші), оның салдары бойынша өкілдік берушінің сәйкесті құқықтары мен міндеттері туындайды.
Сотта аталмыш процессуалдық іс- әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.
Соттта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға.
Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.
АІЖК-нің 59-бабында тапсырма бойынша өкіл бола алатын тұлғалардың тізімі, ал 60-бапта өкіл бола алмайтын тұлғалардың тізімдері берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет