Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі – құқықтық реттей пәнінің сипатымен негізделген құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Ол екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше. Жалпы бөлім нормалары сот өндірісінің жалпы ережелерінен тұрады: азаматтық іс жүргізу заңдары; азаматтық сот өндірісінің қағидалары; азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығы; сот құрамы; іске қатысушы тұлғалар; соттағы өкілдік; дәлелдемелер мен со т дәлелдеуі; сот шығындары; процессуалдық мерзімдер және т.б.
Ерекше бөлімде азаматтық процесстің барлық түрлерімен кезеңдерін толық реттейтін нормалар мен институттар құрайды. Мысалы, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; сот актілерін қайта қарау бойынша сот өндірісі; халықаралық процесс; сот актілерін орындау.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы құқық жүйесінде алатын орны.Азаматтық іс жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің бір бөлігі бола отырып, құқықтың өзге салаларымен де тығыз байланыста болады және өз алдына дербес құқық саласы болып табылады.
Біріншіден, азаматтық іс жүргізу құқығының конституциялық құқықпен тығыз байланысын атап өту қажет. Конституция соттық билікті жұүзеге асырудың формасын бекітеді, соттық жүйені анықтайды, соттардың қызметінің ұйымдастырылуы мен қағидаларын бекітеді, соттардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін бекітеді. Бұл нормалар соттардың азаматтық істерді қарау барысында басшылыққа алынуы тиіс.
Екіншіден, азаматтық іс жүұргізу құқығы мен материалдық құқық салаларының арасындағы байланысты атап өту қажет. Себебі сот азаматтық істі материалдық құқықнормаларын басшылыққа алып шешеді. Азаматтық процесс – субъективтік материалдық құқықты жүзеге асыру формаларының бірі, яғни оны мәжбүрлі жүзеге асыру формасы.
Үшіншіден, екі процессуалдық құқық салаларының араысндағы байланысты атап өту қажет: азаматтық және қылмыстық. Екеуінде де сот төрелігін жүзеге асыру тәртібі реттеледі, құқық институттары ұқсас болады, бірақ пәндері бөлек.