Дәріс Ерекше өндірістің түсінігі және мәнісі.Ерекше өндіріс жоғарыда аталған екі түрден өзінің құрамына кіретін істердің материалдық-құқықтық табиғатымен ерекшелінеді. Ерекше өндірістің мақсаты - арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормалары байланыстыратын мән-жайларды анықтау. Азаматтық іс жүргізудің барлық үш түрі де АІЖК-нің ережелері бойынша істері қарастырылады, өйткені онда белгілі бір азаматтық істі қарастыру бойынша сот өндірісінің барлық түріне ортақ құқық нормалары бекітілген.
Ерекше өндіріс-азаматтық іс бойынша азаматтық сот өндірісінің үшінші түрі ретінде процессуалдық ерекшелігімен мазмұндалады,қаралады.
Ерекше өндірістің істі қарау тәртібі ҚР АІЖК 289 бабында көзделгендей;
заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;