Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын азаматтардың даулауы туралы істерді қараудың ерешеліктері. .(ҚР АІЖК 28 тарау). Өздеріне нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртіппен қабылданып, жарияланған нормативтік құқықтық актісімен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделері бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.(ҚР АІЖК 283 б (1))
Тексерілуі ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы арыздар сотта қаралуға тиіс емес.
Прокурордың жолдауы бойынша нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы істреді қараудың ерекшеліктері. Прокурор Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды.
Прокурор наразылық бойынша:
заңсыз актінің күшін жоюды;
Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкестендіру;
Лауазымды тұлғаның заңсыз іс-әрекетін қысқартуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.
Прокурордың наразылығы сәйкесті органмен немесе лауазымды тұлғамен 10 күн ішінде қаралады.
Наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор наразылық келтірген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа:
1.наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде;
2.немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жүгінеді.