Дәріс Ерекше талап өндірісінің түсінігі және мәнісі. Ерекше талап өндірісі әкімшілік сипатындағы құқық туралы дауға негізделеді, мұнда да екі тарап қатысады, олардың арасындағы қатынастар әкімшілік құқыққа тән “билік ету және бағыну” қағидасымен реттелінеді. Бұл азаматтық сот өндірісінің түрі сайлау құқығының бұзылуы туралы арыз бойынша және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын әкімшілік органдарының немесе мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін шағымдау туралы, нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы прокурордың жолдануы бойынша істерді қамтиды.
Ерекше талап өндірісі – азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің,ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың шешімдері мен әрекеттеріне даулар айту туралы істер.
Ерекше талап өндірісіндегі істер бойынша сот азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік билік, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар , лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлердің екінші жағынан араларындағы туындаған құқық туралы дауды қарап шешеді.
Ерекше талап өндірісі бойынша келесі істер қаралады. ҚР АІЖК 3 бөлімінде көрсетілгендей:
Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қоғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.(ҚР АІЖК 25 тарау)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.(ҚР АІЖК 26 тарау)
Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы істер бойынша.(ҚР АІЖК 27 тарау)
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (ҚР АІЖК 28 тарау)
Прокурорлық органдар мен лаузымды адамдардың актілері мен іс - әрекеттерін заңсыз деп тану туралы.(ҚР АІЖК 29 тарау)