1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Сырттай шешімге шағым беру және оның құқықтық салдары



бет70/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   112
Байланысты:
дәріс

Сырттай шешімге шағым беру және оның құқықтық салдары. Сырттай шешімнің күшін жою туралы ҚР АІЖК 265-бабында қарастырылған. Арыздың мазмұны төмендегідей болуы керек:

  1. сырттай шешім шығарған соттың атауы;

  2. арыз берген тараптың атауы;

  3. жауапкердің сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;

  4. арыз беруші тараптың өтініші;

  5. арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Сырттай шешімді қайта қараудағы соттың өкілеттігі осындай арыздарды қарастыру барысындағы – бұл оның құқықтары мен міндеттері. ҚР АІЖК 268-бабы осы өкілеттіліктерді айқындайды. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап:

  1. арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы;

  2. сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.

Жауапкердің сот мәжілісіне келмей қалуына дәлелді себептер болмаса және ол шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етпесе, сырттай шешімнің күші жойылмайды. Егер жауапкердің сот мәжілісіне келмей қалуына дәлелді себептер болып және ол шешімге ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе, онда ол сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемесі болып табылады. Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі негізі бойынша қайта қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет