1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы және оның түрлері



бет66/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   112
Байланысты:
дәріс

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы және оның түрлері. Іс негізі бойынша қарастырылмаған болса, бірінші сатыдағы сот актісі - ұйғарым түрінде шығарылады.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы материалдық құқықтық дауларды қарастырмайды. Ұйғарымның шешімнен айырмашылығы осында.
Мазмұнына байланысты және іс бойынша процестің дамуына әсер етуіне байланысты бөлінеді:
1) істің жүрісін басқару, ұйымдастыру бойынша ұйғарымдар. Мұндай ұйғарымдар процестің пайда болуы мен дамуына бағытталған: арызды қабылдау, арызды қозғаусыз қалдыру, істі тоқтата тұру, процеске қатысушыларды тарту, қарсылықтарды шешу және т.б.
2) әзірлеу ұйғарымдары процеске қатысушылардың құрамын бекітуге, процессуалдық материалдарды жинауға байланысты шығарылады;
3) қиюшы ұйғарымдар процессуалдық әрекеттердің пайда болуына немесе жүзеге асырылуына бөгет жасайды, мысалы, арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым және т.б.
4) қорытындылау ұйғарымы істің шешімді шығарусыз аяқталуына әкеледі;
5) жеке ұйғарымдар;
Сотпен қаулы етілген ұйғарым кеңесу бөлмесінде заңмен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. Мұндай ұйғарым сот мәжілісінің хаттамасына енгізіледі.
Сот ұйғарымы- істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖК 251-б.1-б.).
Сот ұйғарымын мазмұны , субьектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.
Мазмұны бойынша;
Әзірленумен байланысты ұйғарым- бұл азаматтық істі қозғау туралы, істі сотта қарауға әзірлеу туралы істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.
Қорытынды ұйғарым- мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде ұйғарым.
Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым- бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.
Жеке ұйғарым- сот отырысында іс қарау кзінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым.
Субьектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған мысалы, заң бұзұлушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы.
Нысаны бойынша ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты немесе сот отырысының хаттамасына енгізілу түрде шығарылады.
Шығару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке –дара немесе алқалы құрамада шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.
Шағымдану әдісі бойынша ;

  • апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;

  • қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет