1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Сот шешіміндегі кемшіліктерді жою



бет65/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112
Байланысты:
дәріс

Сот шешіміндегі кемшіліктерді жою. Сот шешіміндегі қателіктерді шығарған соттың өзі түзете алады. Оның тәсілдері мынадай:
1) шешімдегі арифметикалық қателерді түзету; (АІЖК-нің 230-бабы).
2) қосымша шешім шығару; (АІЖК- нің 231-бабы);
3) шешімді түсіндіру. (АІЖК-нің 232-бабы).
Сот шешімінің заңды күші. Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды . Шешім заңды күшіне енгеннен кйін істі заңмен қарсылық білдіруге уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады.Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖК 235-б,334-б.3- Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда ,егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-б.3-б.368-б.).
Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 235-бап талаптарына сай жүзеге асырылады. Шығарған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.
Сот шешімін дереу орындау, кейінге қалдыру, бөліп орындау, шешімді орындау тәсілін өзгерту. Сот шешімін дереу орындау – шешімді заңды күшіне енгенше орындау. АІЖК дереу орындаудың екі түрін қарастырады:
1) ҚР АІЖК-нің 237-бабы бойынша міндетті (заңмен қарастырылғанда, мысалы, алимент өндіру, жалақы өндіру, жұмысқа қайтаалу, денсаулыққа келтірілген және асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтеп алу туралы шешімдер);
2) ҚР АІЖК-нің 238-бабы бойынша факультативті (сот талапкердің өтініші бойыша шешімді дереу орындатуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет