Істі сырттай қараудың ерекшеліктері. Талапкердің сырттай өндірісті жүргізуге қарсылық білдіру себептері әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі болып сөзсіз жауапкерде іс үшін маңызды дәлелдеме болғанда сырттай шешімнің күшінің жойылу қаупі табылады. Сырттай шешімнің бұзылуы іс жүргізуді созып, даудың негізі бойынша істі айқтай шешуді кейінге қалдырады. Егер уақытылы хабарландырылған жауапкер дәлелсіз себептермен келмей қалса, талапкер істі қарапайымдандырылған түрде қарастыруға қарсы болмаса, онда сот істі сырттай қарастыру жөнінде ұйғарым шығарады.
ҚР АІЖК-нің 261-бабы бойынша істі сырттай сот өндірісі тәртібінде қарастырғанда сот іске қатысушы тұлғалар тапсырған дәлелдемелерді зерттейді, олардың пікірлерін ескеріп, сырттай шешім шығарады. Сот талапкерге қосымша дәлелдемелерді тапсыру туралы ұсыныс бере алады. Бірақ, мұндайда талапкердің кейбір құқықтары шектеледі. Сырттай өндіріске келіскен талапкер талаптың пәні мен негізін өзгерте алмайды, талаптың мөлшерін ұлғайта немесе азайта алмайды. Егер де талапкердің бұл құқықтары сақталса, онда жауапкердің құқықтары бұзылар еді.