1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген



бет31/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу.
Отбасы мүшелері бір шатыр астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болуы шеңберіндегі экономикалық іс–қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгілеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдермен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары-мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, силасу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан-ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салаларында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады. Сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.
Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.
Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады. Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне, балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет