1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет27/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Рөлдік әрекет-қылық – әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады.
Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді.
2. Әлеуметтену - мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметгік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады
Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгеруді, өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады.
Әлеуметтену жөніндегі теориялың көзқарастар. Құрылымдық-функциялық теория Барлық құрылымдық-функциялық талдаудың алғышарты - функционалды қоғамда оның барлық элементтерінің ортақ игілік үшін үйлесімді жұмыс істеуі. Бүл әлеуметтенудің құрылымдық-функциялық талдауларына да қатысты.
Құрылымдық функцияшылдар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды (намаз оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді. Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеуметтену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімдеріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы теорияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру кезінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл - конфликт теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құрылымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайдалы деген болжам жасайды.
Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, балаларын соған сай тәрбиелейді, мысалы, қыздан кешкі астан кейін ыдыс-аяқты жууды талап етсе, үлға ойнауға рұқсат береді. Ал келесі бір зерттеушілер мүғалімдердің жұмысшы тап балаларын жазалау, мойынсұнуға үйрету арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін аяқасты етіп, жұмысшылар қатарын толтыруға мүдделі болуына көмектесетінін айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеушілер шіркеу қызметкерлері, пасторлар, раввиндер және басқа дін өкілдері қарапайым халыққа бай да беделді этностық топтардың артықшылықтары Құдайдың қалауымен болғанын насихаттайды деп есептейді.
Әлеуметтенудің басқа пікірмен келіспеуі мүмкіндігін, әлеуметтік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсіну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал түрақты әлеуметтік жүйеніңтуындауы мен артықшылықтарын түсіндіру үшін бұл теорияның пайдасы аз.
Символдық интеракционизм теориясы адамдар мен топтардың адам мінез-құлқына және жағдайына қаншалықты ықпалы бар екенін қарастырады. Толықтыра түсетін болсақ, символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді көбінесе жеке адамның өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік рөлдері тұрғысынан зерделейді. Символдық интеракционизм теориясы әлеуметтенуді талдауда екі негізгі ұғымға ден қояды, олар - «Мен» тұжырымдамасы мен рөлді қабылдау.
Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (интериоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз «Менін» тану; 2) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.
Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.
Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бастысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.
Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып,
«Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыстыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани–адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.
З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажыратады: ұқсау (имитация), теңестіру (идендификация), ұят және кінә сезімдері.
Ұқсау (имитация) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақын-жуық, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет