1 тақырып. Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы


Экономиканың негізгі үш мақсаты



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі23,65 Kb.
#89705
1   2   3
Байланысты:
1 дәріс

1.3. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеу мүмкін және өнімде бұл өте жиі кездеседі. Қажкттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.


Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.
Сан түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез келген экономикалық іс-әрекет қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бастарту керек екенін көрсетеді. Сонымен қатар кез келегн экономикалық іс-әрекет шектеулі игілік қорының белгілі бір бөлігінің шығынын көрсетеді, бұның нәтижесінде қарастырып отырған қажеттіліктен басқаларын қанағаттандыру мүмкіншілігі азаяды. Белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылатын ресурстар шамасы басқа қажеттіліктерге керек осы ресурстар шамасымен байланысты болады. Бұдан түсінетініміз белгілі бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыру мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады.
Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.
Игіліктердің шектеулілігін және балама тәсілдердің ішінен таңдап алу қажеттілігін ескере отырып, кез келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қорытындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гайка жасайтын болса, онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.
Көп жағдайларда таңдау мүмкіндіктері екі варианттан көп болады. Экономикалық субъект әр баламалық нұсқаларда қолданатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нұсқаны таңдап алады.
Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.

Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептеледі. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымының балама мүмкіндіктері өте көп болады.
1.1-сурет. өндіріс мүмкіндіктерінің шектеуі.


Суреттен көріп отырғанымыз Е1 нүктесінде Б игілігін – Б1 мөлшерде, ал А игілігін – А1 мөлшерде өндіруге болады. Е2 нүктесінде А игілігін өндіруді А2 шамасына дейін көбейту туралы шешім қабылданады делік, соеда Б игілігінің саны Б2-ге дейін азайғанын көреміз. (А2-А1)-А – игілігінің қосымша саны, ал (Б2-Б1) – баламалық немесе балама шығындар болады. А игілігін өндіруді неғұрлым көбейтсек, соғұрлым балама шығындар жоғарылайды. Балама шығындардың өсуі қолданылып отырған ресурстардың өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты болады. Барлық ресурстар бір игілікті өндіруде көбейтіліп, екіншісінде азая бермейді. Ұтымдылықты көздейтін экономикалық субъект бірінші осы ресурсты өте керек ететін өндірісте қолданып, өндірісті кеңйтеді де, тек содан кейін ғана бұл ресурсты өте көп қажет етпейтін өндірісте қолданады, себебі кез келген ресурс шектеулі болады. Сонымен өзіндік ерекшеліктері бар экономикалық ресурстар басқа балама өндірісте белгілі бір мөлшерде және байымды түрде ғана қолданылады. Соның нәтижесінде ресурстардың шектеулі және өзіндік ерекшеліктері болуына байланысты, балама өнімдердің кез келген бір түрін өндіруді жоғарылатқан кезде балама шығындар әрдайым өседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет