1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет7/14
Дата28.01.2018
өлшемі3,32 Mb.
#34536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Түйін


1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді.

2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөңдеу, жаңа кәсіпорындарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту.

3. Капиталдың тозуы және оның түрлері.

4. Айналым капиталы айналымын арттыру жолдары.

5. Негізгi, айналмалы капиталды көбейту мен айналысын арттыру жолдары, инвестицияны көбейту. Бұл процесті инвестициялау, дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды.

Қайталауға арналған сұрақтар


1. Капитал қозғалысының түрлері

2. Негізгі және айналым капиталының түсінігі

3. Капиталдың тозуы

4. Айналым капиталының жылдамдығын арттыруға әсер ететін факторлар

5. Инвестицияның-маңызы

6. Экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлі

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады.


8 тақырып.

ФИРМА (КӘСІПОРЫН) ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ
8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда

8.2. Фирманың шекті шығындары



    1. Масштаб тиімділігі


8.1. Фирма шығынының құрылымы және пайда

Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру.

1. Фирма шығындарының құрылымы

Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер – жер төлемі капитал – негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады.

Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы – пайда болады.

Мысалы, жер иесі рентасын төлемейді, сонымен бірге жерді өзі өңдейді, жалға беруден бас тартады және қосымша табысты алмайды, осымен байланысты қызметпен шұғылданбайды. Фабрикаға жұмыс істеуге жалданбайды, еңбек ақы алмайды. Кәсіпкер өз ақшасын өндіріске салғаннан кейін, банкке салмайды және ссудалық пайыз алмайды.

Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды.

Пайда дегеніміз –

1. Тікелей және жанама шығындар.

Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар.

Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты.

Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с.

2. Азаймалы қайтарым заңы.

Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады (8.1. кестеден).

Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі.

Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:

8.1. кесте


А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең.

Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар.

В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады.

Осы жағдайды келесі кестеден көруге болады.

Өзгермелі ресурстың бір түрінде тек жұмысшы күші өзгереді. Ол 8.2 кестеде көрсетілген.

8.2 кесте

Жұмысшы саны, адам

Өнімді шығару, ед.

Шығын, мың теңге

Еңбек ақыны төлеу

Шекті

1

0

0

-

2

5

2

0,400

3

15

3

0,100

4

35

4

0,050

5

50

5

0,0667

6

60

6

0,100

7

65

7

0,250

8

65

8

-

9

55

9

-

Біздің пайымдауымызша жұмысшы күші өзгермелі болып есептеледі. Күнделікті жағдайда фирма көп өзгерістерге тәуелді болады. Өндірісті ұлғайту үшін көп мөлшерде шикізат, материалдар, энергиялар керек. Шығынның бір бөлігі тұрақты жылдық төлем, сақтандыру жарнасы, қолданылған құрал - жабдықтардың құны. Қысқа мерзім кезінде шығынды тұрақты және өзгермеліге бөлсек, сол кезде қайтармалы өзара заңы әсер етеді.

3. Тиімділік масштабы

Оң және теріс тиімділік масштабы

Фирма ұзақ мерзімдік уақыт интервалында пайдаланатын өндіріс факторын, барлығын өзгертуі мүмкін. Басқалай айтқанда барлығы да өзгермелі болады. Ұзақ мерзімдегі шығынды талдау фирманың ұзақ уақыттағы бағдарламасын айқындауға байланысты. Ірі кәсіпорын мен орташа кәсіпорынның қандай мөлшерде өнім шығару атының қандай вариант ыңғайлы екенін анықтау үшін шығынды барынша азайту керек. Практикада неге машина жасау және металлургия саласында ірі кәсіпорындар, ал киім тігуде орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін білген дұрыс. Қызмет көрсету тек ұсақ фирмаларда шоғырланған.

Нан пісіру зауыты тоқаш шығарады делік. Күнде 1000 тоқаш шығарғандағы орташа қисық жиынтық шығыны АТС 8.3 кестеде көрсетілген.

8.3 кесте










1000 2000 3000 Q

Азаймалы қайтарым заңының әсерін қайтару үшін, өндіріс ауқымын ұлғайту керек, ол үшін жаңа цех ашу, жаңа технология қолдану т.с.с. Мұның өзі мыңдаған жаңа орындардың ашылуына салалас өндірістердің дамуына жеткізеді.

Азаймалы қайтарым заңы өз әсерін тигізе отырып көп көлемде өнім өндіру кезінде, біздің мысалда, нан зауыты1000 тоқаш пісіргенде ең аз шығын өз шегіне жетеді.

Егер біз оған әрі өндіріс көлемін ұлғайтсақ, онда орташа жиынтық шығын АТС, жоғары көтеріледі. Ең төменгі шығын 2000 қарағанда 3000 тоқаш. АС догмасы, қисық жазушы АТС1, АТС2, АТС көтеріледі. Ең төменгі ұзақ мерзімді шығын, орташа жиынтық шығын қисығын жасайды, әрбір өндіріс ауқымында әртүрлі. Ең төменгі шығын мөлшері 2000 тоқаш пісіргенде жүзеге асады.

Осындай жағдайдың болуын экономика түсіндіреді. Оң және теріс тиімділік ауқымының болу есебінен тиімділік ауқымы оң өндіріс көлемінің мөлшері өскен сайын орташа шығын азаяды, мөлшері, егер олар көбейсе керісінше болады.

Енді тиімділік ауқымы немен түсіндіріледі дегенге келсек

Тиімділік ауқымыныңмасштабының оң және теріс түсінігін көп жағдаймен түсіндіруге болады. Үнемдеу, өндіріс, көбеюі және көбейтуге байланысты, оның себебі:

- кәсіпорын мөлшерінің өзгеруіне байланысты өндіріс процесінің мамандану және басқару артықшылығы артады;

- мөлшері жоғары кәсіпорындарда еңбек өнімділігі жоғары техника және құралдар пайдалануға болады;

- қызметті әр тараптандыруға толық мүмкіндік туады, жанама өнім шығаруға болады, ол үшін негізгі өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы т.с.с.

- көлем тиімдіктің теріс болуы, басқаруда жіберілген кемшіліктерге де байланысты, кәсіпорындардың ірі болуына қарай;

- кейбір өндіріс саласында фирманың пайдасына қарай жергілікті шеңберден аспайтын мақсатқа байланысты қарама қайшылық болады;

- фирма көлемінің артуы негізінде шешім қабылдауға керекті ақпараттар беру шығыны артады;

- тиімділік ауқымы әрбір өндіріс салаларында әр жағдайда болуы мүмкін. Кейбір өндіріс саласында орташа шығын өзінің тиімділік шегіне жетеді, егер көп өнім өндірсе.

Жоғарыда көрсетілген қысқа мерзім және ұзақ мерзім кезеңіндегі фирманың шығынын талдау қажетті емес, себебі жоспарлау кезінде қысқа уақытта шығарылатын өнім көлемін анықтамайды (және ұзақ мерзімде де). Ең төменгі шығын емес, тек құра,л пайданы арттырудың және зиянды азайтудың ең соңында нарықтық экономиканы тұрақтандыру және өсу жағдайы орын алады.


Қорытынды

1. Шығынды анықтаудың әртүрлі топтастыру жолы бар. Осыған сәйкес шығындар ашық, ашық емес, баламалы (альтернативтік) болып бөлінеді.

2. Күнделіктітәжірибеде тура және жанама шығындар қолданылады, олардың негізгі мүмкіндігі бірлікті дұрыс анықтау үшін өте маңызды

3. Қысқа мерзім кезеңіндегі интервалдың өзгеруі бағынышты тиімділіктің кему заңына

4. Ұзақ мерзім кезеңіндегі бағынышты оның заңдылықты интервалының өзгеруі, фирманың өндіріс көлемін анықтауға бағынышты
Терминдер және түсініктер

Ашық шығын

Баламалы шығын

Бухгалтерлік (қаржылық) пайда

Тұрақты шығын айналымы

Жиынтық (жалпы)

Орташа

Шектеулі өнім



Шектеулі шығын

Оң және теріс тиімділік ауқымы

Пайда дегеніміз – жалпы түсім (ЖТ) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:

П = ЖТ-ЖШ

Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге жағдай жасайтын өндіріс көлемін таңдап алу. Қысқа мерзімдік кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек ресурстар айнымалы ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді, қысқа мерзімді кезең нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.

Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:



  1. Өндіру қажет пе?

  2. Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?

3) Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?

Егер өнім пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (З) тұрақты шығындарға (ТШ) тең болады:

З = ТШ

Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде АС-тан зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе ТШ-тан кем зиян шексе, онда өндірісті жүргізуге болады.



Екінші сұрақтың жауабы өндіруші мақсатынан туындайды: фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті.

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын үш ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы жазайық:

П = Р х Q – АС х Q = (Р-АС) х Q (2)

Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары дерлік, яғни

РАСмін (3)

Онда, (2) формула бойынша есептесек, фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайту қажет. МR МС, өйткені МR = Р. Сондықтан, фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары керек. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайда өседі.

Мейлінше көп, мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.

Р = МС


Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.

Бұған дейін қарастырғандай қысқа мерзім кезеңі деп белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (АС) және айнымалы (VC) шығындарын ажыратады, яғни:

ТС = FC + VC

Тұрақты шығындар (АС) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемдері, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

Айналым шығындары (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың еңбекақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, көлік қызметтерін төлеуге кететін шығындарды және т.б. жатқызамыз.

Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.

Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:

АТС = ТС = АҒС + АVС

Q

Мұнда


АТС – орташа жалпы шығын

ТС – жалпы шығын

Q - өндірілген өнім көлемі

9 Тақырып.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде

9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі.

9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі

9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері


9.1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «экономикалық кесте» (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.

Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.) «Саяси экономияның басы және салық салу» (1817ж.), Т.Р. Мальтус (1766-1834ж.ж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірибесі»(1798ж.), К.Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты еңбектерінде қолданды. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуге неокласикалық мектептің өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп - зерттеумен қоян - қолтық айналыса бастады.

Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ - ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп - шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп - шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай - ақ қаржы балансы, ұлттық есеп - шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі енген.

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіш-терінің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.

Экономикалық әдебиетте және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай - ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
9.2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан

көрсеткіштер жүйесі

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды - заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды - заттай түрінде өндіріс құрал - жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал - жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал - жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), - (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы:

W=c+ v+ m

Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

с - өндіріс құрал - жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.

v – қажетті өнім.

m – қосымша өнім.

Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосарлы есеп - шот жүргізуге болады.

Мысалы:


Темір балқыту

Темір рудасын өндіру

Станок дайындау

Болатқа айналдыру

Мұндағы тек Мұндағы құн: Мұндағы құн: Станок құнына

темір темірдің темірдің, темір мен

рудасының және темір темір рудасы

құны темір рудасының құндарымен

рудасының және есептелген

құнынан болаттың болаттың құны

тұрады құнынан алынады.

тұрады
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш - түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп - шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:
Кпр= c1+ v+ m

Мұндағы: с1 - машина, жабдық ірі үйлер, алып құрылыстар

(амортизация),
v + m- жаңа құрылған құн, таза өнім немесе табыс.

Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылды, яғни олардың қайталану есеп - шотын болдырмайды. Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызы - жиынтық көрсеткішке ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары игерген табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетелдік тәжірибеде ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:


ҰТ=ТҰӨ - жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстары қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет