1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет12/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#87512
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
1
Әлеуметтану міндеттері

4. Әлеуметтанудың заңдары.

  • Әлеуметтік заң -әлеуметтік құбылыстар мен процестердің ең алдымен адамдардың әлеуметтік қызметінің барлық байланыстары немесе олардың іс-әрекетінің қасиетті, маңызы және мәнді көрінісі. Әлеуметтік заңдар түрлі индивидтер мен қауымдасулардың қызметінде байқалатын қатынастарды анықтайды. Бұл қатынастар халықтар, ұлттар, таптар, әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-кәсіптік топтар, қала мен ауыл, сонымен бірге қоғам мен әлеуметтік ұйымдар, қоғам мен еңбек ұжымдары, қоғам және отбасы, қоғам мен адам арасында болады.
  • Әлеуметтік заңдар адам өмірінің барлық саласында әрекет етіп, таралу ортасына қарай ажыратылады. Әрекеттері шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік страттарға, әлеуметтік жіктер мен топтарға, ең соңында, социологиялық заң ықпалы қоғамға толық, немесе бір бөлігіне ғана жүреді.
  • Басқа ғылыми заңдар сияқты әлеуметтік заңдардың да төмендегідей негізгі белгілері бар:
  • 1) заң белгілі бір шарттар қатал орындалғанда ғана күшіне енеді;
  • 2) бұл шарттар орындалғанда заң күшін жоймайды, барлық уақытта ештеңеге қарамастан әрекет етеді;
  • 3) заңның күшіне енуіне қажетті шарттар толығымен емес, жарым-жартылай, жуық шамамен іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет