1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі Пәннің оқыту объектісі


-анимизм (аңдарға, жан-жануарларға қасиет беру); -фетишизм



бет2/6
Дата30.01.2023
өлшемі20,28 Kb.
#166781
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 дәріс контенты
Отбасы
-анимизм (аңдарға, жан-жануарларға қасиет беру);
-фетишизм (әртүрлі заттарға, табиғат құбылыстарына (амулет, тасқа табыну) табыну;
-тотемизм (өздерінің шыққан тегін қандай да бір аңмен немесе жануармен
байланыстырып, соған табыну);
Мифология әлем мен адамды, ондағы болып жатқан құбылыстар мен процестерді бөлінбес бірлікте қарастырғандықтан ғалымдар оны дүниегекөзқарастың синкретикалық түріне жатқызады.
Синкретизм (грек тілінен аударғанда араласқан, бөлінбеген деген мағына береді) бойынша, әлемдегі барлық тіршілік бір-бірімен тығыз байланыста, құдай мен әлем, адам, жануарлар олардың бірінсіз бірінің болуы мүмкін емес, барлығы тең.

Дүниегекөзқарастың екінші тарихи формасы –дін. Уақыт талабына сәйкес мифология дінді қалыптастырды. Дін – бұл адамның өмірі мен қоршаған ортаға ықпал ететін қандай да бір жоғары күшке сенуге негізделген дүниегекөзқарастың екінші тарихи формасы. Діни дүниетаным адамнан қоршаған ортаны рационалды тұрғыда емес,сезімдік-эмоционалдық тұрғыда қабылдауды талап етеді. Мысалы: «мен құдайға сенемін» - деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы қажет. Діннің негізгі талабы – дәлелдеуді қажет етпей, сену.




Дін (религия) ұғымының өзі латын тілінен аударғанда “біріктіру,байлау, қайта оралу” деген мағынаны білдіреді, яғни, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды, адамды тек қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құбылыстармен байланыстыратын сенім түрін айтамыз.
Дін қоғамды жамандықтан, куш көрсетуден сақтандырып, қайырымдылыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Сондықтан да дүниетанымның бұл түрі қай кезде де адамзат қоғамына керек.

Дүниегекөзқарастың үшінші тарихи формасы және ең жетілген түрі – Философия болып табылады.


Дүниегекөзқарастың басқа түрлеріне қарағанда философия білімге, ақыл-ойға негізделді. Әлем мен адамның тіршілік етуі мен дамуының мәні мен жалпы заңдылықтарын зерттеуде философия бірінші болып рационалды( ақыл-ойға негізделген) бағытты ұстанды. Сондықтан да, бұл теориялық жағынан дамыған, рационалды –жүйеленген дүниегекөзқарас түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет