1. Тақырып. Философия пәні және зерттеу объектісі Пәннің оқыту объектісі


Философия- дүниені ақыл-ой арқылы танып-білуге бағытталған дүниегекөзқарастың ең жетілген ғылыми-теоретикалық түрі



бет4/6
Дата30.01.2023
өлшемі20,28 Kb.
#166781
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 дәріс контенты
Отбасы
Философия- дүниені ақыл-ой арқылы танып-білуге бағытталған дүниегекөзқарастың ең жетілген ғылыми-теоретикалық түрі.

Философияның негізгі пәніне философия айналысатын барлық дүниетанымдық мәселелер және оларды қарастыратын философияның негізгі бөлімдері жатады:


ОНТОЛОГИЯ (грек тілінен аударғанда онтос-болмыс туралы ілім) - болмыстың жалпы теориясы: дүниеден бұрын болған және бұдан кейін де бола беретін, ешқашан жойылмайтын, мәңгі және өзгермейтін, барлық нақты болмыстың қайнар көзі мен негізі; жалпы болмыс деген не, оның түрлері, олардың бір – бірімен байланысы туралы ілім.
МЕТАФИЗИКА – «бірінші философия», адам танымынан жоғары тұрған мәселелер, тұтастай дүниенің, материалдылық пен руханилықтың алғашқы бастамасы мен себептері, субстанция, құдайылық, абсолют, болмыс пен бейболмыс туралы ілім.
ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ (натурфилософия) – тұтастай табиғат туралы (Ғарыш, әлем, Ғалам, универсум), яғни, кеңістік пен уақыттағы материалды болмыс туралы ілім.
ЛОГИКА – ақыл – ой, формальды ойлау, дұрыс ойлау мен пайымдау, ой – қорытындысын жасау, дәлелдеу мен аргумент жасау тәсілдері, сондай – ақ білім ақиқаттылығының формальды жағдайлары туралы ілім. Философияда формальды және дәстүрлі логикамен қатар математикалық және символикалық логика (логистика), сондай – ақ диалектикалық логикалар да бар.
ГНОСЕОЛОГИЯ (ЭПИСТЕМОЛОГИЯ) – білім, білімнің қайнар көздері, таным, танымның мәні, тәсілдері, шекаралары, түрлері, әдіс – тәсілдері, білімнің субъектісі мен объектісі, ақиқат туралы ілім.
ЭТИКА – адамның игіліктері, мораль мен тұлғаның қоғамға және басқа адамдарға деген өнегелілік қатынастары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен қайырымдылық, парыз, бақыт туралы ілім.
ЭСТЕТИКА ( өнер философиясы) – әдемілік, көркемдік, оның табиғат пен өнердегі көріністері, өнердің жалпы теориясы, оның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы ілім.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ – адам, адамның осы дүниедегі тіршілігінің мәні, алатын орны, адам мен әлемнің арақатынасы туралы, жалпы адам болмысына қатысты сұрақтардың барлығын қарастыратын ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет