Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1.Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.
2. Эпистемология.
3. Ғылымның когнитивті және әлеуметтік мәдени мәртебесі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Субьект ұғымы адамның биологиялық емес,әлеуметтік мәнін білдіреді. Қоғамнан тысқары адам жоқ, олай болса, таным субьектісі де болмайды. Танымның субьектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Таным обьектісі деп – материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс-әрекет барысында субьекті игерген бөлігі. Практика дегеніміз – адамдардың табиғаттағы және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі.
Сезімдік таным дегеніміз: көру, есту, сезіну, арқылы жүзеге асыратын танып-білу. Таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады. Елестету дегеніміз – қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. Ойлау – адам миының ең жоғары қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет. Ұғым дегеніміз – логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ұғым заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Ұғым сияқты, пікірде заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар бөлшектенген және кеңінен жинақталған түрде бейнеленеді. Пікір дегеніміз-қандай да болсын бір зат жайында бірнәрсе мақұлданылатын немесе теріске шығарылатын ой.