Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; Философиядағы таным ілімі
Таным дегеніміз не?
Танымның формалары қандай?
Танымдағы ақиқат мәселесі.
Ақиқат дегеніміз не?
Ақиқаттың өлшемдерін атаңыз?
Ғылыми танымның әдістерін атаңыз?
Теория дегеніміз не?
Дедукция әдісі қай ғылымдарда пайдаланылады?
Диалектика және метафизика.
Әдебиеттер 1, 2, 3, 5, 7.
13 тақырып. Философиялық антропология Дәріс мақсаты: Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелік, өзектіліктер және көпқырлылық. Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның мәні және әлемде алатын орнын таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелік, өзектіліктер және көпқырлылық.
2. Философия тарихиындағы адам мәселесі
2. Адамның мәні және әлемде алатын орны.
3. Адамның мәні және әлемде алатын орны.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Адам мәселесі, оның шығу тегі, мәні табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі, мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген саналуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді.
Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді - өзің тани біл» - деген қанатты сөздің тұжырымдамасы екенін айта кетуге болады. Орта ғасырлық діни философияда адам о бастан-ақ бір-біріне қарама-қарсы екі бастаманың: «тән» мен «жанның» іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылғанын түсіндіреді. Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. ХІХ-ХХ ғ. идеалистік философиясы адам өмірінің бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірсе, енді бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу (иррационализм) арқылы түсіндіруге тырысты. ХІХ ғ. классикалық неміс философиясы адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субьектісі, жалпы идеялық бастама – рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады. Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды.
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмінің морфологиялық, генетикалық құбылыстарынан ми-жүйкелік, электрохимиялық кейбір процестерден көрінеді. Адам биоәлеуметтің бірлігі ретінде туады. Демек, ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық система түрінде келмейді; ол социум (әлеуметтік өмір) жағдайларында қалыптасады. Адамның биологиялық жағын анықтайтын тұқым қуалаушылықтың механизмі оның әлеуметтік мәнін де қамтиды. Адам жалпы тектік ұғым ретінде нақты индивидтерден (жеке адамдардан) тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі, еңбек процесінің субьекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар биопсихоәлеуметтік жан ретінде жалпылама анықталса, индивид (латынша «жеке адам») қоғамның мүшесі – жеке адамды, жеке (атомын( білдіреді. «индивид», «индивидуальность» (ерекшелікті адам), личность (кісі, тұлға) ұғымдарын талдап көрсек. Кісі, тұлға жетілгене кәмелетке жеткен адам. Кісі дегеніміз - жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моралдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқаты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.
Тұлға - белгілі бір қоғамық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсерінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтас бірігуінің нәтижесі.