1-тақырып. Жалпы ережелер



бет38/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Негізгі тұжырымдар
1. «Сыбайлас жемқорлық» және «сыбайлас жемқорлық қылмыстары» ұғымдары түрлі құқық-тық дереккөздерде беріледі. Бұл «сыбайлас жем-қорлық» криминологиялық ұғым болуына байла-нысты, «сыбайлас жемқорлық» деп аталатын дер-бес қылмыстың түрі жоқ. Бұл ұғымның дефина-циясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-лы» ҚР Заңында бекітілген, ал «сыбайлас жемқ-орлық қылмыстары» ұғымы (олардың тізбесі) - ҚР ҚК-де.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы оларды қылмыстың бас түрлерінен ажырататын негізгі белгілерге ие. Бұл сипаттама оның бүлдіргіш күшінің жоғары дәрежесіне куә.
3. Қылмыстық құқық пен криминология ғылымы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлі сыныптамаларын әзірлеген.
Берілген оқу пәнін зерттеу үшін қылмыстық қол сұғушылық объектісінің ерекшелектерін негізге алып сыныптау ең қолайлы жол болып табылады. Бұл сыныптау сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мына түрлерінің қарастырылуын ұйғарады:
1) меншікке қарсы;
2) экономикалық қызмет саласындағы;
3) мемлекеттік қызметке және мемелекеттік басқаруға қарсы;
4) әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстары.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қандай құқықтық қайнар көздер (норматив-тік құқықтық актілер) мына ұғымдардың анық-тамасын қамтиды:
а) сыбайлас жемқорлық;
б) сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
в) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар?
2. «Жеке тұлға» және «заңды тұлға» ұғымдарының арасында қандай байланыстылық бар? Олардың айырмашылығы неде?
3. Мемлекеттік функциялар неден тұрады?
4. Сыбайлас жемқорлықтың латенттілігінң жоғары деңгейі немен байланысты?
5.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы-лығының мимикриясы немен сипатталады?
6.Экономикалық процестерді басқарып отырған мемлекеттік сала неге неғұрлым сыбайлас жемқорлық дертіне ұшыраған?
7. Сыбайлас жемқорлықтың жаhандану процесінің себебі немен анықталып отыр?
8. Көлеңкелі экономиканың деңгейінің өсуі мен жемқорлық құқықбұзушылықтың деңгейінің өсуі сияқты теріс құбылысты процестердің өзара байланыстылығы неде?
9. Сыбайлас жемқорлық неге ұйымдасқан нысанда болып бара жатыр?
10.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-тарды қандай топтарға бөлуге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет