1-тақырып. Жалпы ережелер



бет39/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Миндагулов А.Х. Лоббизм и коррупция: невидимые параллели. – Алматы, 2007. – 56с.
2. Тлеухан Р.Т. Борьба с коррупцией и обеспе-чение конституционных прав граждан // Обеспечение конституционных прав граждан в досудебных стадиях уголовного процесса: Материалы международной конференции, г. Астана, 26-27 августа 2005г. – Астана, 2005. – С. 203-212.
3. Темербеков А.А. Преступность в социальном контексте глобализации: Теоретико-кримино-логическое исследование. – Алматы, 2005. – 284 с.
4. Самалдыкова З. Сильно ли лобби в Казахстане? // Фемида. – 1994. - №4. – С. 63-67.


7 тақырып. Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар


Жоспар
1. Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2. Ұрлаушы тұлғасы (қылмыс субъектісі)
3. Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі


1. Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Меншік құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабы кепіл болады. Мәні-сінде меншік құқығы – бұл экономикалық қарым-қатынастарды реттеудің тәсілі әрі мәні. Әлеуметтік тұрғыда маңызға ие құндылық ретінде меншік құқығы тұлғаның әлеуметтік игілігіне жатады. Содан, меншікті қорғау – ҚР ҚК міндеттерінің бірі.
Меншікке қарсы жемқорлық қылмыстары «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» деп аталатын ҚР ҚК 189 бабында қарастырылған. Бап төрт бөлімнен тұрады, соның ішінде тек үшінші бөлімнің қарастырылып отырған қылмыстар тобына тікелей қатысы бар. Алайда осы нақтылаудың өзі толық емес. Аталмыш үшінші бөлімде екі тармақ бар, солардың екінші тармағы ғана тура жемқорлық қылмыстарына жатқызылатын құрамның элементтерін қамтиды. Сонымен қатар, ҚР ҚК 190 бабында («Алаяқтық») осы норманың үшінші

бөлімінің 2) тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының белгілері бар.


Қылмыстық құқықта, әдетте, қылмыс құрамы ажыратылады. Қылмыс құрамы – бұл қоғамдық тұрғыда қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын осы әрекеттің қажетті объективтік және субъективтік элементтерінің жиынтығы. Қылмыс құрамы қылмыстық жауапкершіліктің жалғыз негіздемесі болып табылады.


Құрам төрт элементке бөлінеді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы. Берілген оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттеріне ескере отырып осы басылымда қылмыс құрамының жеке элементтері ғана қарастырылатын болады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының ҚК 189 бабының 3 бөлімінің 2 тармағына сәйкес, меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар тобына жатқызылатын бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу ретінде мыналар ұғынылады:
- айыпталушыға сеніп тапсырылған бөтен мү-лікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни ұрлау;
- егер бұл әрекеттерді:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы;
2) бірнеше мәрте;
3) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланы отырып тұлға;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға, немесе оған теңдестірілген тұлға, немесе егер олар (бұл әрекеттер) оның лауазымдық жағдайын пайдаланумен қатар жүріп, жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлға жасаса.
Бұл қылмыс үшін мынадай жаза қарас-тырылған:
- мүліктің тәркіленуімен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру; белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызмтепен айналысу құқығынына өмір бойы айырылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет