1-тақырып. Жалпы ережелер


Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі



бет42/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі


Қылмыс объектісі энциклопедиялық тұрғыда қылмыстық заңмен қорғалатын, қылмыстық қол сұғушылық бағытталған қоғамдық қарым-қатынастар ретінде анықталады. Объектілерді үш түрге бөледі: 1) жалпы объект – барлық құқық бұзушылықтардың жиынтығы; 2) тектік объект – заңмен қорғалатын қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір бөлігі (ҚК Негізгі бөлімінде қанша тарау болса, тектік объекттердің саны да сонша); 3) тікелей объект – қылмыстық қол сұғушылық жасалып жатқан нақты қоғамдық қарым-қатынас (ҚК Ерекше бөлігінің әрбір бабы тікелей объектіге көрсетеді)**.
Қазақстан Республикасының ҚК 6 тарауының атауынан («Меншікке қарсы құқық бұзушылықтар»), 189 бапқа (3 бөлім, 2 т.) сәйкес тектік объект ретінде меншік ұғынылады.
Заңмен белігленген меншік иесінің құқығы меншік қатынастарының негізінде жатыр, олар қылмыстық құқық құралдарымен қорғалатын тікелей нысан ретінде анықталады.
Мүлік меншіктенушісі мынадай құқықтарға ие:
____________________
*Қараңыз: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне түсініктеме. – Қарағанды, РГК ПО «Полиграфия», 1999. – 408 б.
** Қараңыз: Заң сөздігі. – М.:Институт новой экономики, 2007. –420б
1) мүлікті иелену құқығы;
2) мүлікті пайдалану құқығы;
3) мүлікке иелік ету құқығы.
Мүлікті иелену ретінде затпен нақты ие болу түсінігі ұғынылады, бұл затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігін тудырады. Затты (мүлікті) иелену
құқық субъектісіне бекітілген. Заңды (титулдық) ие ретінде меншіктенуші емес, мүліктік жалдау шарты бойынша жалға алушы (жалдаушы), кепілзат иесі, тасымалдаушы, мүлікті сақтаушы, комиссионер және т.б. болуы мүмкін*.
Мұлікті пайдалану ретінде меншік иесінің негізгі құқықтарының бірі ұғынылады. Пайдалану затты тұтыну (мүлікті пайдалану, сол мүлік әкелетін жемістер мен табыстарды алу және т.с.с.) құқығына негізделген.
Пайдалану құқығына тек зат (мүлік) мен-шіктенушісі ғана емес, сонымен қатар оның заңды меншіктенушісі емес иесі (мысалы, жалға алушы, пәтер жалдаушы тұрғын), сондай-ақ меншіктенуші де, жалдаушы да болмайтын тұлғалар да (олардың пайдасынан сервитут белгіленген тұлғалар) ие болуы мүмкін. Сервитут (яғни міндеттемелер), мысалы, ғимараттарға, құрылыстарға және өзге жылжымайтын мүлікке салынады**. Меншікке қарсы жемқорлық қылмы-сының объектісін дұрыс анықтау үшін осы айырмашылықтарды білу қажет.
Мүлікке иелік ету ретінде зат меншіктенуші өкілеттіліктерінің бірі ұғынылады. Бұл өкілеттілік сатып алу-сату, жеткізу, сыйға тарту, жалдау және т.с.с. мәмілелерді жасасу құқығын қамтиды. Мүлікке иелік ету актілерінің нәтижесінде оның айырылуы, сонымен қатар басқа тұлғаға уақытша

____________________


* Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М, 2002. – 89 б.
** Қараңыз: Сол дереккөз, 445, 554 б.
иелік етуге, кепілге салуға, сақтауға тапсыруға және т.б. табысталуы жүзеге асырылады. Иелік етумен заттың заңи тағдыры анықталады, яғни оған деген меншік құқығы жойылады немесе тоқтатылады*.

Осылайша, қарастырылып отырған құқық бұзушылықтардың тікелей объектісіне бөтен меншік жатады.


Меншікке қарсы жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдары мүліктік зиянның келтірілуіне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет