1-тақырып. Жалпы ережелер



бет43/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Негізгі тұжырымдар:
1.Меншікке қарсы жемқорлық қылмыстары-ның қылмыстық-құқықтық сипаттамасы ҚР ҚК 189б. (3б., 2т.) ережелеріне талдау жүргізуге негізделеді.
2. Қылмыстық қол сұғушылықтың мәні мүлік заттардан және материалдық құндылықтардан тұрады.
3. Талан-таражға салу және иемденіп алу – бұл бөтен мүлікті ұрлаудың нысандары.
4. Ұрлаушының тұлғасы екі аспекті бойынша қарастырылады: 1) криминологиялық; 2) қылмыстық-құқықтық.
5. Ұрлаушы тұлғасының қылмыстық-құқықтық аспектісі меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары субъектісінің белгілерін қарастыруды ұйғарады.
6.Қарастырылып жатқан қылмыстардың субъектісі арнайы сипатқа ие.
7. Меншік немесе мүлікті иелену, пайдалану және оған иелік етуге қатысты қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы қылмыстық қол сұғушылық объектісі болып табылады.
________________________________
**Қараңыз: Сол дереккөз, 514 б.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қылмыстық заң бойынша бөтеннің мүлкін иемдеу не талан-таражға салу нені білдіреді?
2. «Иемденіп алу» мен «талан-таражға салу» ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
3. «Меншік құқығы» дегеніміз нені білдіреді?
4. Ұрлау дегеніміз не?
5. Ұрлаудың және иемденудің, талан-таражға салудың өзара байланыстылығы неде?
6. Сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан иемдену мен талан-таражға салудың ерекшелігі неде?
7. Ұрлаушы тұлғасының криминалистикалық сипаттамасы қалай айқындалады
8. Ұрлаушы тұлғасының криминалистикалық сипаттамасының қылмыстық-құқықтық сипаттамасынан айырмашылығы неде?
9. Жемқорлықпен ұштасқан бөтеннің меншігіне қол сұғу қылмысы субъектісі қалай айқындалады?
10. Бөтеннің меншігіне қарсы сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыстың объектісі дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Рахметов С.М. Криминологическая характеристика коррупционных преступлений в Республике Казахстан // Современные тенденции и проблемы развития уголовного права, криминологии и уголовно-исполнительного права Республики Казахстан: Международная научно-практическая конференция. – Том 1. – Караганда, 2009. – С. 400-402.
2. Калкаева Н.Б. Қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттырудағы қылмыстық саясат мәселелері // Актуальные проблемы права, экономики и образования на современном этапе: теория и практика, г. Алматы, 12-13 марта 2015г. – Алматы: КазНПУ имени Абая, - С. 149-152.
3. Қабидолдина С. Сыбайлас жемқорлық және оның алдын-алу // Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года – новый этап в правовом строительстве, г. Алматы, 2010г., 19 февраля. – Алматы: КазНПУ имени Абая, 2010. – С. 394-395.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет