1-тақырып. Жалпы ережелер


-тақырып. Экономикалық қызмет саласын-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары



бет44/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

8-тақырып. Экономикалық қызмет саласын-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары
Жоспар
1. Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2. Қылмыскер тұлғасы (қылмыс субъектісі)
3. Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі
4. Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалатын жаза түрлері

  1. Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Экономикалық қылмыстар әрдайым мемле-кеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының назарында болды. Мамандардың айтуынша, эко-номикалық қылмыстарды жасау және саяси билікті жаулап алу кезінде экономикалық билікті теріс пайдалануға талдау жүргізуге қатысты БҰҰ-ның Алтыншы конгресі де экономикалық қылмыстарға жүгінген. Ал Жетінші конгресс резолюция-ларының бірінде экономикалық қылмыстарды айрықша қауіпті қылмыстар санатына жатқызып, онымен күресуді қатаңырақ жүргізуді талап етті*.


Криминологияда экономикалық қылмыстың алты белгісін атайды:
1) кәсіби қызмет процесінде жасау;
2) заңды экономикалық қызмет аясында және оның тасасында;

_________________________


*Қараңыз: Лунеев В.В. Преступность XXвека: мировой криминологический анализ. – М.: Норма. – 256 б.
3) пайдакүнем сипатқа ие;
4) ұзаққа созылатын жүйелі дамуға ие;
5) мемлекеттің экономикалық мүдделеріне, жеке кәсіпкерлер пен азаматтарға зиян келтіреді;
6) кәсіпорынның мүддесін қорғап және оның атынан әрекет ететін заңды және жеке тұлғалармен жасалады*.
Алайда соңғы 15-20 жылда бұл белгілерге мамандар тағы бір белгіні қосып келеді: әдетте, бұл қылмыстарды мемлекет экономикасына қарсы, басқа корпорацияларға қарсы, корпорациялар тарапынан тұтынушыларға қарсы корпорациялар жасайды**.
Экономикалы қызмет саласындағы қылмыстар үшін сипатты нәрселер мыналар:
1) айрықша латенттілік. Негізгі себеп ретінде В.В.Лунеев зардап шеккендердің және экономи-калық қылмыстардың айқындалуынан мүдделі басқа тұлғалардың болмауын нұсқайды. Тікелей және жанама залалды мемлекет шегеді. Азамат-тардың мүдделеріне тікелей және жанама ықпал келтірледі. Парақорлық жасалған кезде нақты зар-дап шегушілер өздерін зардап шегуші ретінде се-зінбейді, себебі олар да өзіндік пайда көрді. Мем-лекет әзірше экономикалық қол сұғушылықтардың толық көрінісін бақылауға алуға қауқарсыз***;
2) экономикалық құқық бұзушылықтардың жалпы ауқымындағы салық түсімдері үлесінің артуы. Ресей криминологтарының деректеріне ____________________
*Қараңыз: ДементьеваЕ.Е. Проблемы борьбы с экономической преступностью в зарубежных странах / Дис. з.ғ.к. – М., 1996. – 30 б..
** Ескертпе: корпорация – 1) кәсіби немесе сословиелік бірлестік, одақ; 2)қандай да бір мақсатқа қол жеткізу мақсатында біріккен ресми түрде тіркелген тұлғалар жиынтығы; 3) бірқатар елдерде акционерлік қоғам формасы.
*** Қараңыз: Лунеев В.В. Преступность XXвека: мировой криминологический анализ. – М.: Норма, 1997. – 259 б.
сүйенсек, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім қарқыны үштен 6 есеге дейінгі аралықты қамтиды, ал кей жылдары – 7 есеге дейін. Бұл ретте 10 са-лықтық құқық бұзушының 9–ы заңмен белгіленген жауапкершіліктен жалтарған;
3)несиелік-банктік қарым-қатынастар жүйе-сіндегі қылмыстардың тұрақты түрдегі жоғары деңгейі. Ұрлықтардың көбісін ұйымдасқан қыл-мыстық бірлестіктер жасайды. Шикізат пен дайын өнімді, түрлі-түсті және сирек кездесетін метал-дарды, энерготасымалдаушылар мен өзге стра-тегиялық маңызға ие ресурстарды шетелге шығару секілді қылмыстар кең етек жайып келеді*;
4) өсімқорлық негізінде пайда табу мақсатында мемлекеттік қаражатты пайдалану**. Бұл әрекеттердің тетігі мемлекеттік басқарманың аумақтық орган жетекшісінің мысалға, жалақыны төлеуді кешіктіру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша ақы төлеу арқылы жеке коммерциялық нысандарын қаржыландыру үшін мемлекет қаражатын пай-далануға негізделеді. Құқық қорғау орган-дарының жалақыны төлеуді кешіктіру және бюджет қаражатын коммерциялық құрылымдарда «айналдыру» фактілерін жоюға қатысты қызметі перспективаға ие емес, себебі банк заңнамасы қарастырылып отырған құқық бұзушылықтарының жасалуына себептесетін ұйғарымдарға ие;
5) заңсыз кәсіпкерлік тамыр жайып қана қоймай, өсу тенденциясына ие. Себептерінің бірі ретінде мемлекеттің бірқатар монополиялардан бас

___________________


*Қараңыз: Сол дереккөз, 259 б.
** Ескертпе: өсімқорлық – ақшалай қарыздарды өте жоғары пайызбен ұсыну. Ресми тұрғыда ҚР-да өсімқорлыққа тыйым салынған. Алайда іс жүзіндегі өсімұорлық ҚР ҚК-нде заңсыз банк қызметі ретінде қарастырылады (214 б.)
тартуын және олардың экономиканың жеке секторына табысталуын келтіруге болады. Мыса-лы, алкоголь монополиясынан бас тарту сурро-гатты (жасанды, бұрмаланған) алкоголь сусын-дарын өндіру, контрабандылық өнім әкелімін арт-тыру, алкогольдік мастық салдарынан жасалатын тұрмыстық қылмыстар көлемін арттыру жөніндегі біртұтас өндіріске, жасанды алкоголь сусында-рынан адамдырдың улануына, бұрмаланған акциздерді жасау жағдайларының артуына*, салықтың жоғарылауына жол ашты;
6) көлеңкелі экономика көлемінің артуы – бұл болмай қалмайтын құбылыс, себебі бұл эконо-микалық қызметтің бағыттары мен түрлерінің бар-лығы дерлік криминализацияға ұшырауының салдары. Қазақстан криминологтарының дерек-теріне сүйенсек, егер көлеңкелі капиталдың үлесі ЖІӨ-нің жалпы көлемінен 20%-ға асса, онда мемлекет экономикасы құлдырау шегіне жеткені аңғарылады. Қазақстан экономикасындағы ең күрделі қиын-қыстау кезеңдер XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басына тұспа-тұс келеді, сол кезде экономиканың көлеңкелі секторының үлесі республикалық бюджеттің табысты бөлігінің 33% үлесіне жеткен-тін, бұл ЖІӨ-ге қатысты шамамен 10% құрайды*.
ҚР ҚК 3 бабының 29 тармағында белгіленген жемқорлық қылмыстарының тізбесіне сәйкес эко-номикалық саладағы қарастырылып отырған құ-қық бұзушылықтарға мына баптармен қарасты-рылған әрекеттер жатқызылады:
_______________________
* Ескертпе: акциз – тауар құнына немесе қызмет төлеміне қосылатын көпшілік сұранысындағы заттардың немесе қызметтердің жанама салығы.
**Қараңыз: Тузельбаев Н.О., Тузельбаев Е.О. Налоги и экономическаябезопасность страны // Казахстан-2030: Проблемы совершенствования деятельности правоохранительных органов. – Алматы, 1999. – 53-55 б.
- 215 бап (3 тармақ), ҚР ҚК бөлімі (екінші) –
жалған кәсіпкерлік;
- ҚР ҚК 216 бабы (4 тармақ), екінші бөлім) – іс жүзінде жұмыстардың орындалуынсыз, қызмет-тердің көрсетілуінсіз, тауарлардың тиелуісіз шот-фактураны жазып беру жөніндегі әрекеттерді жа-сау;
- ҚР ҚК 217 бабы (3 тармақ, үшінші бөлім) – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару;
- ҚР ҚК 218 бабы (1 тармақ, үшінші бөлім) – қылмыстық жолмен табылған ақшаны және (неме-се) басқа мүлікті заңдастыру (жасыру);
- ҚР ҚК 234 бабы (1 тармақ, үшінші бөлім) – экономикалық контрабанда;
- ҚР ҚК 249 бабы (2 тармақ, үшінші бөлім) – рейдерлік.
Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, қылмыстық элементтер мен топтасулар өз-өздерін заңсыз байыту үшін заңнама жүйесіндегі кішкене ғана мүмкіндіктердің өзін (құқықтық олқылықтар, қарама-қайшылықтар, бір-бірін жоққа шығаратын бұйрықтар, түсіну және қолданудағы екі жақтылық) пайдаланады. Осы мақсатта олар ықпалдардың біртұтас кешенін қолданады:
- өз адамдарын мемлекеттік, құқық қорғау,
бақылау органдарына және коммерциялық құрылымдарға инфильтрациялау (ендіру);
- сыбайлас жемқорлық, билік, басқару және сот органдарының лауазымды тұлғаларын сатып алу;
- ірі өнеркәсіптік және коммерциялық құрылым басшыларымен сөз байласу;
- мемлекеттік органдардың жемқор лауазымды
тұлғаларының тарапынан көрсетілетін қысым, жалған ақпаратты тарату;
- түрлі қоқан-лоқыны көрсету арқылы мүліктік құқықтар мен меншіктерді басып алу, үлеспұлдар мен акцияларды сатып алу*.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет