1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет35/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

NPV = сумма t=1 n Rt – Ct \ (1+i)t
Мұндағы, NPV – таза келтірілген құн; Rt – t жылдағы жобадан түсетін табыс; Ct – t жылғы жобаға кететін шығындар; і – дисконт ставкасы; n – жобаның өмірлік циклының жылдар саны.
Табыстылықтың ішкі нормасы – есептік пайыздық ставка, мұнда жобадан алынатын табыстар жобаға кететін шығындарға тең болады.
Жоғарыда қарастырылғандармен қатар жобалар тиімділігінің ең аз шығындар, рентабелділік, ақталу мерзімі көрсеткіштері сияқты басқа көрсеткіштері де бар.
Ең аз шығындар көрсеткіші – бұл ең аз қымбат нұсқа бойынша жобаға кететін шығыстар шамасы.
Жоба рентабелділігі жобадан алынатын барлық дисконтталған табыстар мен жобаға кеткен барлық дисконтталған шығыстар арасындағы арақатынас ретінде анықталады.
Жобаның ақталу мерзімі қандай уақыт аралығында жоба ақталатындығын көрсетеді, ол дисконтталмаған шығыстар базасында есептеледі.


4. Инновациялар: маңызы, жіктелуі
Заңнама бойынша инновация – нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе технологиялық процесс түріндегі ең соңғы нәтижесі.
Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс-әрекеттің басты функциясы өзгеру функциясы болып табылады.
Инновациялардың кешенді сипаты, оларды пайдалану тәсілінің көп қырлылығы мен әрқилылығы оларды жіктеуді талап етеді .
Төмендегі кестеде инновациялық процестің нәтижелілігі мен бағытын нақтылы, толық, объективті және кешенді бағалауға мүмкіндік беретін инновациялар жіктелімі ұсынылған.
Инновациялардың жіктелуі



Реттік номері

Жіктелу белгісі

Инновациялардың жіктелу топтары

1

Инновацияларды пайдалану облыстары

Басқарушылық, ұйымдық, әлеуметтік, өнеркәсіптік және т.б.

2

Нәтижесі инновациялар болып табылатын ҒТП сатылары

Ғылыми, техникалық, технологиялық, конструкторлық, өндірістік, ақпараттық

3

Инновацияның интенсивтілік дәрежесі

«Бум», тепе-тең, әлсіз, жалпы

4

Инновацияны іске асыру қарқыны

Жылдам, баяулатылған, әлсз, өсуші, қалыпты, толқын тәріздес

5

Инновация масштабтары

Трансконтинентальды, трансұлттық, өңірлік, ірі, орташа, ұсақ

6

Инновация нәтижелілігі

Жоғары, төмен, тұрақты

7

Инновация тиімділігі

Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, интегралдық

Инновация нарықта немесе өндірістік процесте енгізілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:



  • Жаңалығы басым болуы керек;

  • Нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;

  • өндірушіге пайда әкелуі керек.

Демек, инновация – белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік процесс барысында пайдалану.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа немесе жақсартылған өнімді (қызметті), оларды өндірудің жаңа тәсілін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық потенциалды пайдалану жөніндегі шаралар жүйесі.
Жаңалықтарды әзірлеу, енгізу, игеру және коммерциализациялау жөніндегі кәсіпорынның инновациялық қызметі мыналарды енгізеді:

  • Жаңалық идеясын әзірлеу, зертханалық зерттеулерді жүргізу жаңа өнімнің үлгілерін дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

  • Жаңа өнім түрлерін дайындау үшін шикізатттар мен материалдардың қажетті түрлерін іріктеу;

  • Жаңа өнімді дайындаудың технологиялық процесін әзірлеу;

  • өнімді дайындау үшін қажетті жаңа техниканың үлгілерін жобалау, дайындау, сынау және игеру;

  • жаңалықтарды іске асыруға бағытталған жаңа ұйымдық-басқару шешімдерін әзірлеу және енгізу;

  • НИОКР-ды жүргізу үшін қажетті персоналды дайындау, үйрету;

  • Ноу-хауды лицензиялау, патенттеу, сатып алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

  • Инновацияларды жылжыту жөнінде маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

Жаңа енгізулерді әзірлеу, жасау және енгізуді қамтамасыз ететін басқарушылық, технологиялық және экономикалық әдістердің жиынтығы кәсіпорынның инновациялық саясатын көрсетеді.
Инновациялық қызмет процесінде кәсіпорын белгілі нысанға бағыттала отырып және сыртқы және ішкі орта факторларының ықпалын есепке ала отырып нәтижелі әрекет етуі мүмкін. Бұл үшін инновациялардың мұқият жіктелуі, олардың қасиеттері мен қаржыландыру көздері қажет.
Инновациялардың өмірлік циклы жаңалықтарды жасаудың өзара байланысты процестері мен сатыларының жиынтығын көрсетеді. Инновациялардың өмірлік циклы идеяның тууынан оның негізінде жүзеге асырылған инновациялық өнім өндірістен алып тастағанға дейінгі уақыт аралығы ретінде анықталады.
Инновация өзінің өмірлік циклында бірқатар сатылардан өтеді:

  • Туу, ол ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті көлемін орындаумен, жаңалықтың тәжірибелік партиясын әзірлеумен және жасаумен қатар жүреді;

  • өсу (өнімнің нарыққа шығуымен бір мезгілде жүретін өнеркәсіптік игеру);

  • кемелденуі (сериялық немесе ағындық өндіріс сатысы және сату көлемінің ұлғаюы);

  • нарықтың қанығуы (өндірістің максималды көлемі және максималды сату көлемі);

  • құлдырау (өндірісті қысқарту және өнімнің нарықтан кетуі).

Жаңа техника мен технологияның өмірлік циклының құрамы мен құрылымы өндірістің даму параметрлерімен тығыз байланысты. Мысалы, жаңа техника мен технологияның өмірлік циклының бірінші сатысында еңбек өнімділігі төмен, өнімнің өзіндік құны баяу төмендейді, кәсіпорынның пайдасы баяу өседі. Өнім шығару жылдам өсу кезеңінде өзіндік құн айтарлықтай төмендейді, бастапқы шығындар ақталады.
Техника мен технологияның жиі ауысуы қиыншылықтарды және өндірістің тұрақсыздығын тудырады. Жаңа техникаға көшу және жаңа технологиялық процестерді игеру кезінде кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиімділік көрсеткіштері төмендейді. Сондықтан технологиялық процестер мен еңбек жарақтары облысындағы инновацияларға ұйымдастыру мен басқарудың жаңа формалары қатар жүруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет