1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есепке алу әдістері



бет98/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
КЭ дәріс

3. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есепке алу әдістері

Күрделі салымдар – бұл ақшалай қаражаттарды қайтару және қосымша пайда алу мақсатында оларды инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімді салу.

Күрделі салымдар туралы шешім қабылдағанда келесі негізгі факторларды ескеру қажет: тәуекел деңгейі, инфляция деңгейі, ақшаның уақыттағы құны.

Тәуекелді бағалауда ерекше сенімді және жоғары өтімді бағалы қағаздарға инвестициялар бойынша пайда нормасы есептеледі. Тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, инвестиция үшін тартылған капитал құны соғұрлым жоғары.

Инфляция деңгейін есепке алу әрқилы баға индекстерін талдау мен болжамдау негізінде іске асырылады.

Экономикалық мағынасында күрделі салымдардың тікелей нәтижесі негізгі қорларды енгізу немесе модернизациялау, ал түпкі нәтижесі өндіріс көлемнің өсімі болып табылады. Сондықтан жасалған күрделі салымдардың экономикалық тимділігін өндіріс көлемі өсімінің берілген өсімді қамтамасыз еткен күрделі салымдар көлеміне қатынасы ретінде қарастыру керек:

Эф = ^Q/К.

Салымдар салу мен олардан эффект алу арасында белгілі уақыт аралығы жатыр. Теориялық тұрғыда ол лаг деп аталады, яғни күрделі салымдарға қатысты қайтарымның кешігуі.

Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда мыналар анықталады:



  1. Коммерциялық тиімділік, яғни жобаны іске асырудан оның тікелей қатысушылары үшін қаржылық салдарлар;

  2. Бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан мемлекеттік, өңірлік, жергілікті бюджеттер үшін қаржылық салдарлар;

  3. Экономикалық тиімділік – инвестициялық жоба қатысушыларының тура қаржылық мүдделерінің аясынан тыс жобаны іске асырумен байланысты шығындар мен нәтижелер.

Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау негізін шығындар мен нәтижелерді анықтау және салыстыру құрайды.

Инвестициялық жобаларды бағалауды көрсеткіштерді дисконттауды есепке алу, яғни оларды салыстыру сәтіндегі құнға келтіру жолымен жүргізеді.

Есептік бағалар базистік бағаны жалпы инфляцияның индексіне сәйкес келетін дефляторға көбейту жолымен анықталады.

Болжамдық және есептік бағалар инвестициялық жобалардытехника-экономикалық негіздеу сатысында пайдаланылады. Бұл инфляцияның әрқилы деңгейлерінде алынатын нәтижелердің салыстырылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Базистік, болжамдық және есептік бағалар тенгеде немесе тұрақты шетел валютасында бейнеленуі мүмкін.

Күрделі салымдар туралы шешімнің ерекшелігі уақыт факторын есепке алу болып табылады. Бұл үшін өсіру, дисконттау әдістері пайдаланылуы мүмкін, олар күрделі пайыздарды есептеуге негізделеді.

Өсіру – бұл ақшаның бастапқы құнының пайыздарды есептеу нәтижесінде ұлғаю процесі. Мұнда ақша сомасы құнының белгілі бір уақыт кезеңі арқылы шамасы анықталады.

Дисконттау – болашақта белгілі немесе жорамалданатын мәні бойынша ақша сомасын табу.

FVN = PV0 (1+r)n

FVN – n жылдан кейінгі болашақ құн.

PV0 – ағымдағы құн.

r – капитал құны, яғни капиталды тарту үшін қандай процентті беруге дайынбыз.

Инвестициялық жобаларды бағалауда дисконттау әдісі пайдаланылады.

Инвестициялық жобаларды бағалау кезінде инвестицияның өмірлік мерзімі анықталады – бұл инвестициялар табыстарды түсуді қамтамасыз ететін уақыт кезеңі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет