1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет94/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қосылу, бірігу, ажырау, бөліну, қайта құрылу) оның мүлігінің иесі немесе құрылтайшылардың шешімі бойынша жүргізіледі. Заңнамамен қайта ұйымдастырудың басқа формалары қарастырылуы мүмкін.

Қайта ұйымдастыру ерікті немесе мәжбүрлі жүргізілуі мүмкін.

Егер заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға өкілетті заңды тұлға мүлігінің иесі, құрылтайшылар қайта ұйымдастыруды сот органының шешімімен белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаны басқарушыны тағайындайды және оған қайта ұйымдастыруды тапсырады.

Заңды тұлғалардың қосылуы кезінде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері беру актісіне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға көшеді.

Заңды тұлғаның ажырауы кезінде оның құқықтары мен міндеттері ажырау балансына сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаларға көшеді.

Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың бөлінуі кезінде ажырау балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта ұйымдасқан заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері көшеді.

Заңды тұлғаның бір түрден басқа түрдегі заңды тұлғаға қайта құрылуы кезінде беру актісіне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға қайта ұйымдасқан заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері көшеді.

Беру актісі мен ажырау балансы қайта ұйымдасқан заңды тұлғаның кредиторлары мен борышкерлеріне қатысты барлық міндеттемелері бойынша құқық сабақтастығы жөнінде ережелерді мазмұндауы тиіс.

Құрылтайшы құжаттармен бірге сәйкес беру актісін немесе ажырау балансын ұсындау, сондай-ақ оларда қайта ұйымдасқан заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық сабақтастығы жөніндегі ережелердің болмауы қайта туындаған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеледі.

Заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша жабылуы мүмкін.

Сот шешімі бойынша заңды тұлға келесі жағдайларда жабылуы мүмкін:


  1. банкроттық;

  2. заңды тұлғаны құру кезінде заң бұзушылықтарды жіберуге байланысты мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп танығанда;

  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүйелі іске асырғанда;

  4. лицензиясыз қызметті немесе заңмен тиым салынған қызметті іске асырғанда.

Заңды тұлғаның таратылуы жөнінде шешім қабылдаған орган бұл туралы әділет және салық органдарына жазбаша хабарлауы тиіс. Таратылу комиссиясын тағайындап, Азаматтық кодекске сәйкес таратылу тәртібі мен мерзімін бекітеді.

Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылуы, оның кредиторларының арыз, шағымының тәртібі мен мерзімі туралы ресми басылымдарда жариялайды.

Кредиторлармен шағым ұсыну мерзімі аяқталған соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын құрастырады.

Кредиторлармен есеп айырысу мерзімі аяқталғаннан кейін тарату балансы құрастырылады.

Заңды тұлғаның таратылуы аяқталған, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатқан деп есептелінеді, бұл туралы жазба заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізілген соң.

Заңды тұлғаны тарату кезінде оның кредиторларының талаптары келесі кезекте қанағаттандырылады:



  • бірінші кезекте жалақыдан және басқа табыстан ұсталынатын алименттер, тартылатын заңды тұлға өмірі мен денсаулығына зиян келтірген азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

  • екінші кезекте еңбекақы және компенсация төлеу бойынша есеп айырысулар, әлеуметтік жарналар бойынша қарыздарды төлеу жүргізіледі;

  • үшінші кезекте салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша қарыз жабылады;

  • төртінші кезекте заңнама актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет