1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Дағдарыс және банкроттық жағдайда кәсіпорынды басқару және қайта құрылымдау



бет93/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

9.Дағдарыс және банкроттық жағдайда кәсіпорынды басқару және қайта құрылымдау

Нарықтық экономикада кәсіпорынның банкроттығы бәсекелестіктің ажырамас белгісі және нәтижесі болып табылады.

1997 жылы 21 қаңтарда «Банкроттық туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес банкроттық ұғымы былайша түсіндіріледі. «Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие берушілермен соттан тыс ресми түрде жарияланған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі».

Дәрменсіздік – борышкердің несие берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша талаптарын, еңбекақы төлеу туралы талаптарды қоса алғанда, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігі.

Борышкердің банкроттығы туралы несие берушінің борышкердің төлем қабілетсіздігі жөнінде сотқа арыздануы негіз болып табылады.

Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз болып есептеледі. Борышкер мүлкінің иесі, заңды тұлға – борышкердің құрылтайшысы немесе лауазымды тұлғалары борышкерді әдейі төлем қабілетсіздігіне жеткізгені үшін несие берушілер алдында өзіне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауапқа тартылады.

Санация – сауықтыру шарасы, оның барысында борышкер мүлігінің иесімен, кредиторлармен және басқа тұлғалармен төлем қабілетсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетіледі, сондай-ақ борышкер резервтерін мобилизациялау және оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту бойынша шаралар кешені іске асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет