1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


-тақырып. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі



бет96/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

11-тақырып. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі

Берілген тақырып өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарымен, оның өсу факторларымен, тиімділікті анықтау әдістерімен таныстырады.



Кілт сөздер:қоғамдық өндіріс, қоғамдық еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, өтімділік, қаржылық тұрақтылық, күрделі салымдар, инвестициялық жобалар.
Дәріс жоспары

  1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні, критерийлері мен көрсеткіштері

  2. Өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

  3. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есепке алу әдістері

  4. Таза ағымдағы құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы




    1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні, критерийлері мен көрсеткіштері

Нарықтық экономика өзінің мәні бойынша еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыратын құрал болып табылады. Мұнда өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсу факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін анықтау маңызды. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділік критерийлері мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама критерийі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қызмет етеді.

Қоғамдық еңбектің өнімділігі өндірілген ұлттық табыстың материалдық өндіріс саласындағы жұмыскерлердің орташа санына қатынасы ретінде өлшенеді:
Өқ = ҰТ/Жм

Ұлттық табыс – материалдық өндіріс салаларында осы жылда жасалған құн. Басқаша айтқанда, өндірістік процесте тұтынылған шикізатты, отынды, энергияны және басқа өндіріс құралдарын алып тастағандағы жалпы қоғамдық өнімнің бөлігін көрсетеді. Ұлттық табыс барлық материалдық өндіріс салаларындағы таза өнімнің қосындысы ретінде есептеледі. Өз кезегінде жекелеген саланың таза өнімі жалпы өнім мен материалдық өндіріс шығындары арасындағы айырма ретінде анықталады.

Материалдық өндірістің кейбір салаларында өнімділік жалпы өнім бойынша есептеледі. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстылатындай өлшемде болуын ескеру қажет. Бұл үшін ұлттық табысты салыстырмалы бағаларда есептеу қажет.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы қызмет етеді.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы – еңбек өнімділігіне кері шама, ол материалдық өндіріс сферасында шығындалған еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

ЕС = Е/Q


Мұндағы ЕС - өнімнің еңбек сыйымдылығы;

Е – материалдық өндіріс сферасындағы еңбек мөлшері;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, материалдар, отын, энергия және басқа еңбек заттары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасы ретінде есептеледі. Сала (кәсіпорын) өнімінің материал сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

МС= М/ Q

Мұндағы МС - өнімнің материал сыйымдылығы;

М - өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы көлемі;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Өнімнің материал сыйымдылығының төмендеуі халық шаруашылығы үшін тиімді.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы көрсеткіштері белгілі дәрежеде бір-біріне жақын көрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы күрделі салымдар мөлшерінің олармен анықталатын шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қатынасы ретінде анықталады:

КС=К/ Q

Мұндағы КС - өнімнің капитал сыйымдылығы;

К – күрделі салымдардың жалпы көлемі;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

ҚС=НҚ/ Q


Мұндағы ҚС – өнімнің қор сыйымдылығы;

НҚ – халық шаруашлығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Халық шаруашылығында қор сыйымдылығына кері көрсеткіш қор қайтарымы көрсеткіші кеңінен пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет