Тест сынағы
Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін
немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест
сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты
тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.
Тест сұрақтарын ала отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және
тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес»,
«білмеймін» деп белгілеулері тиіс.
Содан кейін, егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе
топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағы қорытындысын оқытушылар
(тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын
оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |