1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

социумның, 
қоршаған ортаның талаптарына қалай жауап береді деген сауалдарға уәжі бар 
болса, ол өзін-өзі тану ауқымын да кеңейте алады деген сөз. Өзін-өзі танудың 
мақсаттары нақтылы іске асатын және нақтылы іске аспайтын, шынайы және 
жалған деп те сараланады. Нақтылы іске асатын мақсат біздің бойымызда осы 
уақытқа дейін қалыптасқан қасиеттерді танып, талдау жасау қажет болған тұста 
қойылады. Ал нақтылы іске аспайтын мақсат, осыған керісінше, әлі өз 
бойымызда жоқ нәрселерді табуға және оны тануға ұмтылыс жасағанда тірек 
болады. Адамды өзінің алдына "кең" және "тар", нақтылы іске асатын және 
нақтылы іске аспайтын, шынайы және жалған мақсат-тарды қоюға не 
итермелейді? Әрине, оған өзіне сэйкес қажет-тіктерде көрініс табатын әрекет 
мотивтері қозғау салады. Ондай мотив түрлерін үлкен екі топқа біріктіруге 
болады: 1) арнайы мотивтер, яғни өзін-өзі тану эрекетінің негізінде жатқан 
мотивтер; 2) жанама мотивтер, яғни өзін-өзі танумен қосалқы байланысатын 
мотивтер. 
Арнайы мотивтерге, бірінші кезекте, адамның өзіне деген қызығушылығы 
жатады. Қызығушылық - өзін танудағы эмоциялық бояуы қанық танымдық 
қажеттілік. 
Мамандар адамның өзіне деген қызығушылығының дамуын бірнеше сатыға 
бөліп қарастырады: әуестік; өзіне деген жеке қызығушылық; өзін-өзі тануға 
құштарлық. 
Өзін-өзі танудың жанама мотивтеріне өзін-өзі тану әрекетін күшейтуде 
қосалқы қызмет атқаратын барлық мотивтер енеді. Олар өзінің рөліне қарай үш 
деңгейге бөлініп, іштей былайша топтастырылады: 
адамның өзіндік "Менімен" байланысты мотивтер (өзін-өзі құрметтеу, "Меннің" 
біртұтастығы мотивтері, өзін-өзі дәл тани алу мотивтері, өзін басқалардың 
көзімен тану мотивтері); өзін-өзі дамытуға байланысты мотивтер (өзін-өзі 
бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-езі жүзеге асыру, өзін-өзі таныту, өзін-өзі 
белсендіру 
мотивтері); басқа эрекет түрлеріне қатысты (қарым-қатынас, бедел, 
жетістік, таным, оқу, адамгершілік жэне т.б.) мотивтер. Аталған мотивтердің 
өзін-өзі тану мотивімен де өзара байланыс механизмдері шамамен бірдей болып 
шыгады. Өзін-өзі тану мотивінің дұрыс қалыптасуы өзге мотивтердің де 
қызметінің жандануына оң ықпал етеді. Өзіне деген қызығушылық адамның өзін-
өзі дамыту мотивтерінің өрістеуіне кең жол ашады. Ал өз кезегінде айқындалган 
өзін-өзі дамыту мотиві өзін-өзі тануға деген қажеттілікті күшейтіп, адамның 
өзіне қызығушылығын арттырады. Мұндай сабақтастықты барлық мотивтерге 
қатысты санамалап айтуға болады. Мәселен, адамның өзіне қызыгушылығы 
қарым-қатынасқа ерекше мән беру нәтижесінде сол өзі қатынасқа түсетін 
адамдарды тануға деген құлшынысты туғызбай қоймайды. Өзін-өзі тану 
мотивтері әлсіз байқалатын кей жағдайларда оның орнын басқа мотивтер 
алмастырады да, өзін-өзі тану әрекетінің дамуына себепші болады. Мысалы, 
жеке түлғаның бойында жетістік мотиві айқын көрінгенімен, оның өзін-өзі тануға 
деген қызыгушылығы байқалмайды. Тек кездейсоқ бір сәттіліктерге сеніп не 
жолы болғыштыққа жорып, үлкен бір жетістіктерге жету мүмкін емес, сол
себепті адам әрдайым өз бойындағы қабілеттер мен мүмкіндікті танып, 
соған мән беріп отыруы, яғни өзін-өзі тануға ұмтылуы шарт. Басқаша айтқанда, 
өзін-өзі танымайынша еш-қандай мотив шын мәнінде толық жүзеге аспақ емес. 


Айналып келгенде сол мотивтің бэрі өзін білуге, өзіне деген қатынасқа, өзін-өзі 
жүзеге асыру және өзін-өзі бағалау қабілеттеріне келіп табан тірейді, тек сондай 
жағдайда ғана аталған мотивтердің өзара бірлікте жүзеге асуы белгілі бір 
нәтижелерге қол жеткізетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет