1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: «Рауан». 1996 
2. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М. 2002 
3. Спиркин А.Г. Сознание и самоссознание. М., Политиздат, 1972 
4. Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев «Жантануға кіріспе», А., 2000ж. 
5. И.А. Зимняя «Педагогическая психология», М., 1997 ж. 397 б. 
6. Кутумбаев «Психология успеха». 
7. М.М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психологиясы», А., 1996 ж. 
8. В.С. Мухина «Возрастная психология», М., 2000 ж. 
9. Р.С. Немов «Психология», М., 1998 ж. 
10. М.П. Оспанбаева, У.Ә. Тұрғынтаева «Психологиялық қызметті 
ұйымдастыру». 
11. А.С. Прутченков «Социально-психологический тренинг в школе». 
12. Г.П. Предвечный, Ю.А. Шерковина «Социальная психология», М., 
1975г. 


Түрлі 
мектептерде 
өзін-өзі 
тануды 
оқыту 
тәжірибесі 
«Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік 
білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге 
ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес 
конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге 
ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. 
Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді. 
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындап отырғанына 
көзіміз барған сайын жетуде. Себебі қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – 
адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу 
мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани 
білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің 
әлеуметтік-рухани 
өмірде 
алатын 
орны 
ерекше. 
Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа 
пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы 
адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір 
ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами 
асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы 
дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту. 
1. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты, өткізу ерекшелігі, қойылатын талаптар 
«Өзін-өзі тану» пәнінің 2010-2011 оқу жылынан бастап, білім саласына енуіне 
және осы маңызды жұмысқа байланысты Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің белгілеген іс-шарасын жүзеге асыруда және оқу-
әдістемелік кешенінің жан-жақты әзірлік жұмысын ұйымдастыруда «Бөбек» 
ҰҒПББСО Бас директоры Т.У. Қарымсақов, «Адамды үйлесімді дамыту» 
институтының директоры Л.А. Саинова бастаған үлкен ұжым қарқынды еңбек 
атқаруда. 
Еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері«Өзін-өзі тану» бағдарламасы 
саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Бұл жоба жалпы 
адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген 
мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы ретінде еліміздің 
көптеген педагогтары, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, 
жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Ал өткен 2010-2011 
оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына 
жаппай 
енгізілді. 
«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының мақсат, міндетін ашуға, сабақта 
берілетін құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың 
шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, олардың пәнге деген 
қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы орындау арқылы ойлануға, 
өз ойын түйіндеуге, рухани адамгершілік білімді меңгеріп, оқушының жан-
жақты қалыптасуына және оқушының сабақ барысында өзіндік құрал ретінде 
қолдану үшін оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқушы дәптері, 
тағы 
басқа 
оқу 
құралдары 
болуы 
қарастырылған. 
«Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, 


шартты белгілері бар. Оқулықтағы шартты белгілер балаларға түсінікті болуы 
үшін 
берілген. 
Сабақтың барысы әр уақытта шаттық шеңберден басталады. Әрбір 
тапсырма баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделеді.»Өзін-өзі тану» 
сабақтарын өткізудің әдістері мен нысандарының кең нұсқалығы, оларды 
арнайы кабинеттерден тысқары (концерт залында, мектеп алаңдарында, 
табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т.б.) 
орындарда 
ұйымдастыруды 
қарастырады. 
Бұл пәннің ең басты құндылығы адам және адамның өмір сүруі үшін, 
бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай 
қарапайым ақиқатына тәрбиелей отырып, баланы халқының адал ұлы, адам 
деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып 
отыр. Оқушының өзін-өзі тануы бойынша сабақтан тыс әрекеттер алған 
білімдерін күнделікті өмірде практикалық түрде қолдана білуді және қоғамға 
қызмет 
етуге 
белсене 
қатысуды 
қарастырады. 
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға 
бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың 
көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі тиіс. Пән 
жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін 
ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын 
анықтау үшін өте маңызды. Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай 
отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни 
әрбір баланың, ата-ананың жүрегін жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың 
орнымыз 
ерекше. 
Білімнің әрбір деңгейі үшін типтік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік 
құрал, хрестоматия, жұмыс дәптері, көрнекі - иллюстрациялық, дидактикалық 
және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құралатын оқу-әдістемелік кешен 
пайдаланылады. 
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды ұйымдастыруда мұғалім пәннің Қазақстан 
Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартын, барлық деңгейлерге арналған өзін-өзі тану пәні бойынша оқу 
бағдарламасын білуі қажет. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік кешендерін 
негізге ала отырып, пәннің басты мақсат-міндеттерімен, осы міндеттерді 
жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, оқу мазмұны және оның құрылымдық 
ерекшеліктерімен, қолданылатын әдіс-тәсілдері және технологияларымен, 
оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын ойындар мен 
жаттығулар жүйесімен, оқушы білімін бағалаудың ерекшеліктерімен таныс 
болуы 
тиіс. 
«Өзін-өзі тану» пәнін өткізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушыға бір 
деңгейде қарамауды басты нысан етіп алуы тиіс. Олардың әрқайсысы бір-
біріне ұқсамайтын ерекше тұлға екенін, әр баланың ақыл-парасатын, білімін, 
мінез-құлқын, қабілетін, қызығушылығын, дарыны мен талантын терең 
зерттей 
білуі 
қажет. 
Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11-сыныптардың әрқайсында аптасына 1 
сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда 
4(төрт) 
тарау 
бойынша 
беріледі. 
Олар: 


1. 
Адамның 
өзін-өзі 
тануына 
арналады. 
2. 
Адам 
және 
қоғам 
қарым-қатынасы. 
3. 
Адам 
және 
қоршаған 
орта 
қарым-қатынасы. 
4. 
Адамзаттың 
рухани 
тәжірибесі. 
Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, 
өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық 
сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, 
өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай 
мүмкіндік береді. 
2. 
«Өзін-өзі 
тану» 
пәнін 
оқытудың 
ерекшеліктері 
«Өзін-өзі тану» пәнінің мектепте өтілетін басқа пәндерден бірқатар 
өзгешеліктері бар. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі сабақ барысында 
мұғалім тақырыпты өткенде әр түрлі іскерлік ойындарды, психологиялық 
жағдаяттарды қолдана отырып, әр оқушы өз ойын еркін айта алатындай, жеке 
мені, 
өзіндік 
көзқарасы 
айқындалатын 
атмосфера 
туғызады. 
Сабақ әдетте, шаттық шеңбері арқылы басталады. Оқушылар үлкен шеңберге 
жиналып, мәтін басында берілген ақындардың өлеңін бірге қосылып айтады. 
Бұл олардың біртұтас ұжым екендігін, бір-біріне деген сенім, ынтымақ 
қалыптастырады. Сабақ барысында өткізіліп отырған тарауға сәйкес іскерлік 
ойындар 
немесе 
жаттығулар 
орындалады. 
«Өзін-өзі тану» бойынша жүргізілетін жаттығулар түрлеріне «Өзіңді 
бағалау», «Мен басқалардың көзімен», «Жаңа түрге ену», «Футболкадағы 
қолтаңба», «Өзіңді тексер» тесті т.б. жатады. Сонымен қатар, әрбір оқушының 
өзіне сенімділігін тудыру, оны қалыптастыру – «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс 
беретін мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін оқушыларға мынадай ақыл-
кеңестерді ұғындырып, үнемі қайталауды, іштей ойлап жүруді әдеттендіру 
қажет. Мысалы, «Өзің туралы жағымды ойлауға үйрену», «Өзің туралы 
жағымсыз ойлардан құтылу», «Өзіңді сүй», Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға 
тырыс», «Өзіңнің жеткен биігіңді өзің теріске шығарма», «Өз бойыңнан жақсы 
қасиеттерді 
ізде», 
т.б. 
Әр оқушының бойында өз-өзіне деген сенімділікті ұялатумен қатар, оны 
айналасындағы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға да үйрету өте 
қажет. Бұл мақсатта қолданылатын қарым-қатынасты дамытуға арналған 
жаттығулар мен іскерлік ойындар түріне «Бет-әлпетті есте сақтау», «Ол қалай 
күледі», «Көңіл-күйге ортақтасу», «Қоштау», «Күлкі», «Саған аманшылық 
тілеймін», «Нажағай қаупі жоқ» секілді ойындар мен «Тыңдай білу іскерлігі», 
«Мен сізді тыңдап отырмын», т.б. жаттығуларды орындату арқылы 
оқушыларды өзара сыйластыққа, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейміз. 
Оқушылар, сонымен бірге, сабақта шығармашылық жұмыстарды жиі 
орындайды. Өз бетінше ізденеді, берілген тапсырмаларға өмірден мысалдар 
келтіре отырып, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, ой түюге 
үйренеді. Бұл жұмыстардың олардың жеке «менін» ашуға, өзіндік бет-бейне, 
жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы бар. 
3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау 
Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 


бағдарламада белгіленген оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпы 
адамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету 
дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға 
(мониторинг) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне 
сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық 
қорытындыда 
«сынақ» 
деген 
баға 
қойылады. 
Оқушы деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 
бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, оған «сынақ» деген баға қойылады. 
Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні 
бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсеткен портфолиосы 
назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және 
топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар 
жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның 
мақсаты мен мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығына 
бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген 
сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешу жолдарын ізденуіне 
назар 
аударамыз. 
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша бала білімін бағалау олардың жалпы 
адамзаттық құндылықты игеру, оларды іс жүзінде қолдана алу
шығармашылық, ізденушілік жұмыстарды орындау барысында алған білімін 
тиімді пайдалану дағдылары ескеріледі. Бағалау олардың ұмтылысын, білімге 
құштарлығын, рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін 
тигізеді. 
Шығармашылық, ізденушілік жұмыстар, іскерлік ойын, жаттығулар 
кезіндегі белсенділік олардың өмірлік позициясын нығайтады, бағалау 
барысында 
осы 
мүмкіндіктері 
ескерілуі 
тиіс. 
Әр оқушының пән бойынша портфолиосы болуы тиіс, ол портфолиода 
оқушының өзі жөніндегі мәлімет, жұмыстардың орындалуына байланысты 
тест сұрақтарының қорытындысы, сауалнама жауаптары, өзбетіндік 
жұмыстары болуы тиіс. Оқушы білімін бағалауда портфолионың мазмұны, 
сапасы, 
ұқыпты 
жүргізілуі 
де 
ескеріледі. 
III. 
Қорытынды 
«Өзін-өзі тану» сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, 
өзара қарым-қатынас туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және 
құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, 
адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін терең түсінеді, оның 
Отанына, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа, жалпы өмірге 
деген 
сүйіспеншіліктері 
артады. 
Сонымен бірге бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасындағы 
ынтымақтастық, тығыз байланыс орнатуда да бұл пән үлкен роль атқарады. 
Себебі, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарды үйрету – ата-
ананың да басты міндеті. Сондықтан әрбір ата-ана қолына «Өзін-өзі тану» 
оқулығын алып, онда айтылған тағылымдар мен өнегелі ой-ұғымдарды 
балаларының 
оқып 
үйренуіне 
ықпал 
етулері 
тиіс. 
Ал ұстаз өз кезегінде халқымыздың рухани - интеллектуалды мұраларын, 


мәдени құндылықтарды жаңғыртып, тәрбиеге ұлттық сипат беруге ұмтылуы 
тиіс. 
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық 
мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал болмауға да тиіс, 
тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өз 
ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, 
оның берген сабағы мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз 
тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт 
айтқандай, 
тамшымен 
тас 
тесетін 
бейнебір 
су 
тәрізді». 
Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы 
талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, 
халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, 
олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі 
ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей 
ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды білім беруде тиімді 
қолдану – «Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеті болмақ 


Өзін-өзі тану сабақтарында ән айту мен музыка 
Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе 
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен 
адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-
құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. 
Жасөспірімдердің сезімін, түйсігін, есін, қиялын, ойын, қабылдауын бала 
кезінен бастап жетілдіріп оятатын, қоздыратын әуен мен үн, музыка екенін 
Әбу насыр әл-Фараби өзінің трактатында айтып кеткен. «Ақылды болу үшін 
ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Бұл – бақыттың бастауы. Адамның 
ойлы, парасатты болуына, алдымен, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл 
бөлу қажет. Бақытты болу кәмелетке келу, қоғамдық жұмыстарды жақсарту, 
барлығы білімділікке байланысты»,– дейді «Шығыстың Аристотелі» атанған 
ғұлама ғалым әл-Фараби. Әл-Фараби музыканың адамға әсер ету күшіне, оның 
моральдық-психологиялық жағдайларына үлкен мән береді. 
Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, 
қуанышы, қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Олай болса, 
музыка – біздің өмірлік жан серігіміз.
Адамды рухани рақаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын 
қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену де үлкен өнер. 
Сондықтан да біз ұстаз ретінде оқушыларды сиқырлы дыбыстар әлеміне 
жетелеп, әсемдікті, нәзіктікті, сұлулықты, көркемдікті көре, сезе білумен 
бірге, оны өз бойына сіңіруге көмектесетін әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін 
ырғақтар мен әуендер әлемінде тәрбиелейміз. 
Дыбыс және әуеннің әсерінің мүмкіндігі мен күшін ескере отырып, оны 
кез келген музыкалық аспап тәрізді тиімді пайдалануға болады. Музыка 
адамның физикалық, психикалық, эмоциялық күйіне әсер етеді. Үйлесімді 
дыбыс толқындары өсімдіктің өсуіне, гүлденуіне, жемісінің пісуіне және 
жақсы өнім беруіне әсер етеді. Үнді елінде жыланды әуенмен арбайтындар 
бар, олар қарапайым аспапта әуенді ойнап, өзінің айналасына жақын маңнан 
кобра мен жыланның түрлерін жинайды.Тәжірибе көрсеткендей әуен сиырдың 
сүтін де молайтады. Ал адамдар ауыр рок музыкасын тыңдағанда бойларында 
мазасыздық пен қауіпті сезінеді. Мұндай ауыр рок әуені баланың оқу 
үлгеріміне, тәртібіне зиян-ды әсер етіп, оны өте белсенді қалыпқа және 
мазасыздыққа түсіреді. 
Ересек адамдардың еңбек қабілеті төмендейді, жазуда көп қате жібереді, 
ағзасында жалпы шаршау байқалады, жұмыста шешім қабылдау қабілеті 
төмендейді, жүйкесі жұқарады. Ал үйлесімді музыка, әсіресе, классикалық, 
халықтық музыканың тигізетін әсері жоғары болады. Хормен ән айту тыныс 
алуды тереңдетіп, ырғақты реттейді де, денсаулығымызды жөндеуге, 
үйлесімді қалыпқа келуге, жұмыста өзара жағымды қарым-қатынас орнатуға 
үйретеді. 
Рухани-адамгершілік білім беруде музыканы қолдану әдістері:
а) Музыкалық аспапты меңгеру;
ә) Музыканы тыңдау;
б) Әуен арқылы жағымды күйге келу.
Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. 


Ол оқушылар назарын бір обьектіге тұрақтандырады және денелерін 
босаң қалыпқа келтіреді. Ол үшін классикалық немесе халық 
әуендерін қолдануға болады;
в) Музыканы шығармашылық жұмысты арттыру үшін қолдану;
г) Хормен ән айту; Хормен ән айту – өзін-өзі тануды оқытудың маңызды 
әдістемелік тәсілдерінің бірі. Егер музыканың бізге әсерін қарастырсақ, 
барлық музыкалық аспаптардың ішінен әсері аса қуатты, нағыз жетілдірілген 
музыкалық аспап – ол адамның дауысы. 
Хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері:
Ән айту дем алуды терең және ырғақты етеді. Сонымен қатар ән айту өзін-өзі 
тәрбиелеуді жақсартады. Ән айту кезінде қозғалмай және тік отыру керек, 
сонда дауыс зор әрі үзіліссіз шығады; Хормен ән айту балаларды бір-бірімен 
жақсы қарым-қатынас жасауға үйретеді; Ән айту ұстамдылық пен есте 
сақтаудың дамуына ықпал етеді. 
Сол сияқты өзін-өзі тану сабағында оқушылармен бірге ән шығаруға 
болады. Мысалы, әнді (сабақтың тақырыбына байланысты адамгершілік 
құндылықтар туралы сөздермен) бастағанда бұрыннан белгілі әуенмен беру 
керек. Ал оқушылар топпен бірге әннің соңын құрастырып, одан кейін 
барлығы 
бірге 
қимылмен 
көрсете 
отырып 
орындайды. 
Мұндай 
шығармашылықпен бірлесіп ұйымдастырылған сабақтар оқушының да, 
мұғалімнің де көңіл күйлерін көтеріп, қуаныш сезімін тудырады. 
Оқушылармен бірге әннің мәтінін талдап, әндегі сөздердің нені білдіретіні 
туралы пікір алмасуға болады. Сол кезде біз мағынасын түсініп шырқалған 
әннің жүректі басқаша оятатындығын, жүректен шыққан әннің басқаны да 
шабыттандыратынын көреміз. Біздің ән жүрек тілімен сөйлеу керек, керісінше 
жағдайда, ән айту таза механикалық әрекетке, процеске айналады. 
Сол сияқты әннің әуені де маңызды. Сезімсіз, дұрыс орындалмаған әнді 
орындаушы тек сезінеді, шабыттанбайды. Бұл жағдайда ол ішкі рухани жан 
дүниесіне емес, тек қана оған денесімен ғана берілетін ырғаққа жауап береді. 
Эмоция емес, тек қана шабыт біздің ойымызды, ақыл мен жүрегімізді 
тазартады. Сондықтан жағымды әуеннің мағынасы зор. Әннің мәтіні 
қарапайым және өте жақсы болуы мүмкін, егер ол жақсы әуенге салынса, онда 
жүректің түпкірінен көрінеді. 
Сонымен музыка және ән айту сынып ахуалына да, мектептің бүкіл 
айналасына да үлкен әсерін тигізеді. Біздің шығаратын дыбысымыз кеңістікте 
тербеледі де, ақпараттар немесе толқындар түрінде кеңістікте үнемі жазылып 
қалады және табиғаттың бес тылсымымен: эфир, ауа, от, су және жермен 
байланыс-та болады. Бірақ олардың барлығы қазіргі уақытта ластанған. 
Адамдар қазіргі адамзаттың өмір сүруіндегі қиянаттың, қаталдықтың, 
әдепсіздіктің дыбыстарымен ластанған ауаны жұтады. 
Рухани асқақ музыка мен шабыттандыратын әндер жаңа қоршаған орта құрып, 
адамзатты биікке көтеріп, қарапайым адамды рухани тұлғаға айналдырады. 
Өзін-өзі тану пәнідегі оқиға, әңгіме айту әдісі 
Әңгіме – оқытудың диалогтік әдісі, мұнда мұғалім жете ойластырылған 
сұрақтар жүйесінің қойылуы жолымен оқушылардың жаңа материалды 
түсінуіне ықпал етеді немесе өткенді меңгеруін тексереді. 


Әңгіменің мақсаты – бұрын меңгерген білімді көкейкесті ету, оқушылардың 
алдағы тұрған міндеттерді шешуі үшін оқу-танымдық іс-әрекетке олардың 
белсенді қатысуына зейінін, мүмкіндіктерін шоғырландыру, Әңгіме 
барысында оқушылардың жаңаны тануға дайындығы мен түсіну дәрежесі 
анықталады. 
Сократ (469-399 б.э.д.) 
«… Өзін білетін адам, өзі үшін ненің жақсы екенін біледі, және не істей 
алатыны мен қолынан ненің келмейтінін ажырата алады. 
... Дегенмен, мен сенімен бірге ой жүгіртіп және іздестіргім келеді. 
Әл-Фараби(872-950) «Білімді қалай ұғуға… болады? Оны зерттеумен, тәрбие 
өнерімен, үйренумен ұғынуға болады». 
М. Монтень(1533-1592) «Мен мұғалімнің әуел бастан балалардың қабілетіне 
сәйкес талғамын дамыта отырып, өз ойларын ашық айтуға, олардың арасынан 
таңдау жасауды, ажырата білуді талап еткенін қалаймын». 
Абай (1845-1904) 
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 
дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп 
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі 
де есті болады. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) 
«Оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, 
оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге (оқудағы болса да) айналады. 
Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен 
Адамгершілік туралы ой толғау керек.
Педагог кітапханасында сабақ тақырыбын неғұрлым терең ашатындай, 
өзінің жеке сыйы ретінде оқушыларға әңгімелеп айта алатын әңгімелер, 
оқиғалар, аңыздар мен ертегілер түріндегі рухани-адамгершілік қазынаның 
жинақ сандықшасы болуы тиіс. Оқушылар осындай оқиғалар мен әңгімелерді 
тыңдағынды өте жақсы көреді. Олар газет, журналдардан оқылған, 
теледидардан көрген өмірдегі жағдайлар, оқиғалар болуы мүмкін. Оларда 
міндетті түрде өнегелілік, адамгершілік сабақтарының реңкі болуы тиіс. 
ӘҢГІМЕ ТАҢДАУ 

Сәйкес келетін оқиғаны таңдауда біз оқушылардың жасына байланысты 
нені жақсы көретіндерін, нені ұнатпайтындарын есепке алуымыз керек. 

Баланың ұл, қыз екеніне назар аудару керек. Ұлдарға көбінесе, 
шытырман оқиғалы әңгімелер мен фантастика сүйініш әкеледі. Екінші 
жағынан қыздар неғұрлым романтикаға үйір және жоғары эстетикалық 
қасиеттермен ерекшеленетін неғұрлым жайлы, мейірімді әңгімелерді 
таңдайды. Қыздарға сондай-ақ бақытты аяқталатын оқиғалар ұнайды. 



Тағы бір нәрсеге мұғалім назар аударуы тиіс – бұл балалардың 
отбасылық жағдайы. Мысалы, өздерін қабыл алмаған немесе сүйкімсіз 
сезінетін нашар отбасынан шыққан балаларға бақытты отбасының 
өмірін және балалар өмірін салыстыруды көрсететін әңгімелер ауыр 
әсер қалдырады және жағымсыз реакция тудырады. 
ӘҢГІМЕ ТАҢДАУ ҮШІН ЖӨН СІЛТЕУ ТІЗІМІ: 

Әңгіме айтудың ұзақтығы тыңдаушының жасына байланысты болады. 
Мысалға, кіші жастағы оқушылар үлкен балалар сияқты ұзақ шоғырлана 
алмайды. 

Әңгімені иллюстрациялап және осы сәтте оқытылатын құндылықтардың 
мәнін ерекше көрсетіп қою керек, сонда оны көп сөзбен түсіндіруге 
уақыт кетпейді. 

Сондай-ақ әңгіме мұғалімнің көздеген мақсатына сай келуі тиіс. 

Әңгіме дені сау баланы дамыту үшін құндылықтарды қабылдауға ықпал 
етіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерге 
ынталандыруы тиіс. 
ӘҢГІМЕЛЕРДІҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ 
Фольклор, мифология, тарихи кітаптар, өмірлік жағдаяттар, әулиелердің, 
көрнекті адамдардың өмірін сипаттау, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, 
мысқылдар, ұлы пайғамбарлардың ғибратнамалары және рухани кітаптар. 
ОҚИҒАНЫ АЙТЫП БЕРУДІҢ ПАЙДАСЫ 

Балаларға білім береді. 

Зейінді шоғырландыра білу, тыңдай білу іскерлігін дамытуға 
көмектеседі. 

Отбасында немесе сыныпта әңгімелеуші мен тыңдаушының ортасында 
байланыс орнатады. 

Шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытуға көмектеседі. 

Тыңдаушының бойын еркін ұстауға әсер етіп, жағымды жағдай 
туғызып, көңіл күйлерін көтереді. 

Оқушыға үйретіліп отырған құндылықтарды есте сақтауға мүмкіндік 
береді. 

Жақсы, дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 

Тыңдалған оқиғаны, көрнекі бейнелеп көрсету балалардың жақсы жаққа 
қарай өзгеруіне ықпал етеді. 
Өткен ғасырдың аяғында бір бала король Харичандре туралы пьесаны көруге 
келеді. Ол король өмірде ақиқат жолында ғана жүрген екен. Ол ақиқатқа 
қиянат жасамау үшін өз отбасынан да бас тартады. Осы оқиға балаға қатты 
әсер етеді. Бала сол сәттен бастап айтқан сөзінде тұруға, ақиқат жолымен 
жүруге өзіне-өзі ант етеді. Бұл бала Махатма Ганди еді! 
Әңгімелеп беру техникасы: 

Мұғалім оқиғаны кітаптан оқып бермей, өзі мәнерлеп, қажет жерінде 
кідіріс жасап, дауыс ырғағымен әңгімелеп беруі керек. 

Әңгімелеуші тыңдаушының деңгейіне бейімделе алуы керек. 



Мұғалім баяндалып отырған оқиға баланы елітіп әкетіп, оның жүрегіне 
жетуі үшін, оқиғаны тек қана жақсы біліп қана қоймай өзі де ол оқиғаны 
жүрегінен өткізуі керек. 

Оқушының қиялына қанат бітіру үшін мұғалім дауыстың мәнерлілігін, 
сарынын, әуезін, күшін пайдалану керек. 


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» САБАҚТАРЫНДА АРТ-ТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ 
БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
Ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді 
және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа 
байланысты» деп ой түйіндеген екен.
Ал өзіңді жетілдіру және бойына жақсы мінез қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі 
танудан басталады. Осы мақсатта мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 
атқарылып жатқан оңды істер аз емес.
«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын 
сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілік іс-
әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға 
негізделген. Соның нәтижесінде бала өзін-өзі таниды, бағалайды, тәрбиелейді. 
Сондықтан да балалардың жан-жақты дамуына мән беріп, «Өзін-өзі тану» 
сабағында арт-терапия әдіс-тәсілдерінің элементтерін қолдану арқылы балалар 
шығармашылығын дамытуға көңіл бөліп келемін.
Арт-терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға 
мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы 
адамдарға танытады. Бала шығармашылығы, ол оның шынайы өмір көрінісі. 
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз 
– балалардың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету болып 
табылады.
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және 
қолайлы әдісі. Арт-терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. 
Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды 
білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет