1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

«
Өзін-өзі тану
»
 
пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы 
институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта 


білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге 
асырылады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 
ақпанындағы № 71 бұйрығы). Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру 
ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту 
туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы 
аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 
маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану»
 
оқу пәні 
бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады. 
«Өзін-өзі тану» курсы, анық түсініктен бастау алуы керек: Әлем деген 
не? Адамның мәні неде? Біз нені және қандай мақсатпен танимыз? Нені 
бекітеміз, тәрбиелейміз, дамытамыз, жетілдіреміз, өзектілейміз? Әрине, 
«Өзін-өзі тануды» материалистік психология рухында түсінуге де болады.
Сонда, ол өзінің мінезін, әдеттерін, қабілеттерін, темпераментін қоғамда өзін 
бекіту үшін және көрсету үшін және де кикілжіңдерден қашып, кәсіптік 
жетістіктер мен қызметтік серіктестік «бағытында өзін жетілдірудегі»
прагматикалық, утитарлы білім маңызды міндет пе? Сөзсіз. Бірақ 
шабыттандырмайтын жеткіліксіз міндет. «Өзін-өзі тануды» философия 
ұстанымы тұрғысында, рухани шыңға шығу, рухани іс-әрекет тәжірибесі
ретінде талқылауға болады. Сонда адам ішкі өмірге тереңдеу, іштей 
тазалану арқылы, үйреншікті сананың таптауырындарынан босатылып, 
болмыс пен болмыстың Мағынасына, руханилықтың жарығы мен аспанына
көтеріледі.
Психологияның өзгеру қажеттілігін айтқанда, біз, педагогиканың да 
тереңдік өзгеруін, яғни бүткіл оқу процесінің өзгеруі туралы да айтамыз.
Философиялық парадигманың ауысуы міндетті түрде өзімен бірге
педагогикалық парадигманың алмасуын да көрсетеді, мәнділіктің терең
ұғынылуын, білім мақсаты мен міндеттерін, тек соларды ғылыми ретінде 
және зиялы мемлекет сипатында деп түсінетін, әлі де философиялық 
материализм қағидаларына бағытталады.
Постиндустриалды мәдениет пен постмодернистік тұрғыға сай,
интернеттің гипершынайылығы қалыптасатын және де адам ақпараттық,
коммуникативті ағымдар тоғысында болатын кезеңде, жаһандану мен 
экономикалық және білім беру құрылымдарының интеграциялық процестері 
қарқындала түсуде. Осындай әлемде өзара түсіністік, рухани келісім
бірліктің жаңа пішімдері мен «күш көрсетпеушіліктің синтезіне» деген 
қабілеттілік маңызды бола түседі. Осындай әлемге ескірген дүниетанымдық
көзқараспен ену мүмкін бе?
Қазақстандағы білім, педагогика, психология сырттай көріністер мен 
жаңа технологиялар, инновацияларды үндеумен ғана шектелмеуі керек. Ең 
басты маңызды инновация іске асырылуы қажет: философиялық, 
дүниетанымдық ұстанымдарды қайта ұғыну, философиялық материализмнен
руханилықтың басымдылығын бекітетін философияға бағытталу керек. Нақ 
осы тұрғыда «Өзін-өзі танудың» ірі, масштабты мәселесі көрінеді. Бұл – 
курс, қазіргі замандық бағдар беруші, бүткіл Қазақстан Республикасының


білім беру процесіне дүниетанымдық көзқарасты орнатушы, міне – негізгі
идеясы осындай болып табылады. «Өзін-өзі тану» алғашқы сенімді
қадамдарын жасап, білім беру құрылымдарын түпкілікті өзгерістерге әкелуді
талап ете отырып, ең алдымен мұғалімдердің өзіндік өзгеруін шамалайды,
жаңа оқу бағдарламаларын және барлық пәндердің ғылыми-әдістемелік 
кешендерін құрып, тек қана гуманитарикалық емес, сонымен қатар
математика және табиғат туралы ғылым корпусын да өзгертуді талап етеді.
Шығыстың бірінші ұстазы әл-Фараби айтқандай, қайырымды қала, 
универсумның қажетті құрушысы, сондықтан да мінсіз және бақытты қоғам
құруға қажетті қағидаларды білу үшін, осы қоғам енетін тұтастықтың
қағидалары мен заңдарын білу қажет.
«Өзін-өзі танудың» қойып отырған міндеттері мен одан да жоғары 
міндеттері бір пәннің аумағынан асып түседі. «Өзін-өзі тану» Қазақстан 
Республикасындағы білім беру процесін дүниетанымдық өзгертудің нақты 
бастамасы, деп анық тұжырымдауға болады. Бірақ та осындай күрделі де,
бірінші дәржедегі міндетті сәтті түрде жүзеге асыру үшін, философия,
психология, педагогика, мәдениеттану, гендерлік пәндер, саясаттану, 
әлеуметтану, жаратылыстану аумағындағы зерттеулермен нығайту және де 
оның пәндік-бағдарламалық, оқу-әдістемелік қамтылуын жасау керек. Тек 
бастырмалатқан ғылыми зерттеулер ғана айтылған парадигманың берік 
теориялық базасын қамтамасыз етеді. (Еркін қазақстандық философия мен
психология және педагогиканың өзіндік ұстанымдары мен негіздерін қайта 
қарастыру туралы айтылып отыр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет