1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет35/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

Қорытындысын шығару 


Қорытынды тренингтің кез-келген сабағының аяғында шығарылады. 
Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен
сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.
Тренер семинарға қатысушылардан олар жаңалардың қандайын біледі, 
оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне 
түсіруді өтінуі, сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды 
нығайтады. Егер тренер тренингке қатысушыларды олардың істеуіне 
мүмкіндігі бар тәсілдермен: ауызша және жазбаша алғыс жариялап, 
әлдеқандай бір кітапшалар, буклеттер, кәдесыйлар және тағы басқалармен
үнемі көтермелеп отырса, ол жақсы. Не болмаса әлдеқайда жауапты 
тапсырмаларды сеніп тапсырады.
Интерактивті әдістер әмбебап болып табыла ма? 
Жоқ, интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да сабақ өткізудің 
лекциялық нысанын алмастыра алмайды, бірақ лекциялық материалдарды 
жақсылап меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікірлерді, қатынастарды, 
мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. 
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәттері немен 
тұжырымдалады? 
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт 
өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы 
ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды
және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды 
қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі 
мен уақытына бақылау жасайды. 
Қатысушылар әлеуметтік тәжірибеге - өзінің немесе басқа адамдардың 
тәжірибесіне жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, 
берілген тапсырмаларды бірігіп шешуге, кикілжіңдерді болдырмауға, 
жақындасудың ортақ нүктелерін табуға, ымырашықлыдққа баруға тура келеді. 
Психологтар оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың 
жоғарылайтынын қадағалаған, жаднама жұмыстарының нәтижелері артады, 
жеке тұлғаның – назар аудару тұрақтылығы, оны тарата білу сияқты 
интеллектуалдық және эмоционалдық өзіндік ерекшелігі дамиды; қабылдау 
кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері мен мақсаттарын 
талдау қабілеті артады. 
Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, 
интерактивті әдістер:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады; 
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; 
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады; 
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; 
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге 
асырады; 
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; 
* өмірлік машықтарды қалыптастырады; 
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі. 


Бұл үшін ең маңызды шарттар – интерактив бойынша тренингтік 
оқытушылардың жеке қатысу тәжірибесі. Оны ойынға жеке өзі қатысу «ми 
штурмы» немесе сөзсайыс жолымен ғана үйренуге болады. 
В.А.Сухомлинский, кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы 
оқытушы деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын 
көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар 
ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын 
танытса, сол жақсы ұстаз.
Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі ережесі қандай? 
Бірінші ереже. Жұмысқа сол немесе басқа межедегі қатысушылардың 
толық тартылуы тиіс. Осы мақсатта талқылау процесінде семинардың барлық 
қатысушыларын енгізуге мүмкіндік беретін технологияны пайдалану пайдалы.
Екінші 
ереже. 
Қатысушылардың 
психологиялық 
дайындығына 
қамқорлық жасау. Бұл жерде сөз, барлық өткен сабақтар жұмыстың сол не 
басқа мысалын тікелей енгізуге психологиялық дайын екендігі туралы болып 
отыр. Осыған байланысты шарықтап, шыңдау пайдалы, оқушыға өзін-өзі 
жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жұмысқа белсенді ат салысқан 
қатысушыларды үнемі көтермелеп отыру керек.
Үшінші ереже. Интерактивті технологияда оқушылар көп болмауы тиіс. 
Қатысушылардың саны мен оқу сапасы тікелей байланыста болуы мүмкін. 
Қатысушылардың қолайлы саны – 25 адам. Тек осындай жағдайда ғана шағын 
топтардың жұмысы жемісті болады.
Төртінші ереже. Жұмыс істеу үшін ғимаратты дайындауға көңіл 
бөліңіздер. Ғимарат үлкен және шағын топтарда жұмыс істеу үшін 
қатысушылар оған жеңіл жайғасатындай есеппен дайындалуы тиіс. Оқушылар 
үшін физикалық қолайлылық құрылуы тиіс.
Бесінші ереже. Процедура және регламент мәселесіне назар аударып 
отырыңыздар. Мысалы: кез-келген көзқараста барлық қатысушылар, әркімнің 
сөз бостандығы құқығын сыйлауға, оның намысын сыйлауға төзімділік
көрсетіңіз. 
Алтыншы ереже. Семинарға қатысушыларды топқа бөлуге ерекше көңіл 
бөліңіз. Ең алдымен оны еріктілік негізінде жасаған дұрыс. Содан кейін 
кездейсоқ таңдау қағидатын пайдаланған жөн. 
Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы 
нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. 
Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық 
жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, 
оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады. 
Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары: 
* оқушылар мен оқытушылардың арасында сенімділік, жоқ дегенде 
позитивті қатынастардың болуы; 
* демократиялық стиль; 
* оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау 
процесінде өзара ынтымақтастық болуы; 
* оқытушылардың жеке («педагогикалық») тәжірибесі, оқу процесіне 
ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды енгізу; 


* ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі, оқитындардың іс-
әрекет нысандары, олардың ұтқырлығы; 
* іс-әрекеттің сыртқы және ішкі уәждерін қосу, сондай-ақ оқитындардың 
өзара уәждері. 
Біз неліктен интерактивті әдістерге «иә» дейміз? Олар мыналарды:
* Жоғары уәжділікті. 
* Тиянақты білімді. 
* Қиялдау мен шығармашылықты. 
* Тез тіл табысуды. 
* Белсенді өмірлік көзқарасты. 
* Командалық рухты. 
* Жеке, дербестіктің құндылығын. 
* Өз пікірін білдіру еркіндігін. 
* Іс-әрекетке ерекше назар аударуды. 
* Өзара сыйластықты. 
* Демократиялықты қамтамасыз етеді.



Document Outline

  • Өзін-өзі тануды оқытудағы оқыту әдістері
  • «Өзін-өзі тану» сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің сипаттамасы
  • Өзін-өзі танудағы интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет