1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі


Бейнефильмдерді көру және талқылау



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

Бейнефильмдерді көру және талқылау 
Сабақтарда 
көркем 
және 
деректі 
бейнефильмдерді, 
олардың 
фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға 
болады.
Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар 
ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның 
тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.
Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші 
сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала 
таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады. 
Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және 
қорытындысын жариялау керек. 
Ширату 
Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында 
қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-
қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны 


және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді 
жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін 
ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ. 
Кері байланыс 
Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының
реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен 
артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. 
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, 
нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады. 
Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру 
маңызды. 
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар 
тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. 
Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең 
дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет