Арт-терапияның негізгі мақсаты – баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту болып табылады. Арт-терапия
шектеусіз
және
психотерапияның
барлық
бағыттарында,
педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін
және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады.
Кейбір адамдар үшін бұл-әлемге өзі туралы, өзінің шығармашыл адам екенін
танытудың - жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай
мүмкіндікті беру-арт-терапияның ерекшелігі.
Арт-терапия салыстырмалы жаңа түрі болса да, әр түрлі саладағы мамандар
арасында кеңінен қолданыс тауып отыр. Мұның бірқатар себептері бар:
біріншіден, арт-терапия ол тиімді, әсіресе, ол балалар мен жасөспірімдер
арасында тиімді болады.
Осы әдісті бұрыннан қолданатын психолог М.В.Киселева ойын ойнағанда бала
шындақ пен қиялдық шегі қайда екенін ойланбастан барлығын шынайы
қабылдайтынын және соңында не болатынын ойланбайтындығын, тек сол
процестен көңіл көтеретіндігін, сол себепті бұл процесс ол үшін терапиялық
болып табылатындығын атап көрсеткен.
Екіншіден, көп қолжетімді тәсіл. Арт-терапия көп қаржыны қажет етпейді.
Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте, топпен де, жеке де өткізіледі.
Үшіншіден, арт-терапия өте қызықты! Балалар өздері жасаған дүниеден
рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш
сезіміне, психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамайда
қалады.