1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

«Әңгімелеу
»

балалардың
 
көркем 
әдебиет 
шығармаларын, 
өмірдегі 
жағдаяттар, өсиет-әңгіме, өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке 
әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір 
түрі. 
• Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен 
танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді. 
• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына 
сіңіреді. 
• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, 
олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді. 
Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы 
болмысты тани түсуге қызығушылық тудырып, өз тарапынан ұсынысын, ойын 
байқатуға 
жетелейді. 
Шығарма, әңгімелерді кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап 
айту түрлерін қолдануғада болады. 
«Дәйексөз»
— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу 
материалын эмоционалды - бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану 
сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде 
мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде 
алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын 
негізгі ойды білдіреді. 
«Ойын»
— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және 
меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. 
Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың 
ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына 
көмектеседі. 
• Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе 
жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы меңгереді. 
• Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас 
жасауға үйренеді. 
• Ойын сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар 
жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі. 
«Өзіммен-өзім»-
бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне 
септігін тигізеді.Тәрбиеші баланың көңіл-күйін көтеру негізінде төмендегі 
мәселелерді ескеруі қажет: 
• балалармен бірге айтылатын тақырыпқа сәйкес ойды, сұрақтарды, мәтінді 
бірқалыпты үнмен, жағымды эмоциялық көңіл-күй туындайтындай түрде 
айтуы керек; 
• мәтін мазмұнын баяндап тұрғанда сазды музыка әуені баяу ойнап тұрғаны 
тиімді; 
• әуен сазы, баланың көңіл-күйіне әсер ететіндей, ойлануға, өткенді 
елестетуге, қиялдауға, моральдық, этикалық ережелердің мінез-құлықтың 
жағымды жақтарына ықпал етуі қажет.Жаттығу аяқталғаннан кейін тәрбиеші 
балалармен қысқаша әңгіме өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет