1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі


«Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдіс-тәсілдері:
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден 
тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», 
«Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», 
«Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық 
жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке». 
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі 
«Шаттық 
шеңбері
» 
болып табылады. 
«
Шаттық шеңбері»-
сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. 
Тәрбиеші балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас 
жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық 
шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық 
шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де 
сеніміне ие болады. 
Жұмыстың бұлайша жоспарлануы баланың зейінін белгілі бір ой жүйелілігіне 
тұрақтандыруға және олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға бұруға 
мүмкіндік береді. Өйткені алға қойған мақсатка жету және еңбектің нәтижелі 
болуына қол жеткізу үшін топтағы балалардың шашыраңқы ойларын 
жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеп алу аса маңызды болып табылады. 
«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән 
айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. 
Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабақтың тақырыбына сәйкес олардың 
мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау 
мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады. 
«Әңгімелесу» 
— бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік 
беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-
қатынас нысаны.Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын 
саналы 
түрде 
меңгереді. 
• Тәрбиешіні және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге 
үйренеді. 
• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін 
айтады. 
• Тәрбиеші балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге 


үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет