«Шығармашылық жұмыс»-
өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет
салу, макет, коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды
орындаудағы негізгі мақсат- балалардың қызығушылығын туғызу, бір-бірімен
қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-
әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
«Ғажайып сөздер»-
бұл әдістемелік тәсілде балаларға сабақ бойы айтып
үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік
құндылықтарын пысықтап, бекіту мақсатында пайдаланылады.
«Қорытындылау»
-
сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа
байланысты негізгі ой жүйеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |