1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата25.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#133313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
c3efa1bf49712042278a0aaab6c979c3

Негізгі әдебиеттер
1, 2, 3,4,5. 
Қосымша әдебиеттер: 
7,8,10, 12, 13, 14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


2 тақырып.
Орта мектепте өзін-өзі тануды оқытудың мақсаттары. 
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта 
білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін 
құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану 
білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген. 
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін 
байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы 
табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған 
мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің 
оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне 
бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін 
өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға 
көмектеседі. 
Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады: 
- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі 
әрі жеке дара субъект ретінде дамыту; 
- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік 
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру; 
- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға 
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану 
дағдыларын қалыптастыру. 
«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына 
мынадай жалпы мақсаттар қояды: 
- өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; 
- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу; 
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; 
- адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, 
қамқор болу; 
- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы 
болу; 
- жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; 
- өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және 
оған жауапты болу; 
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. 
«Өзін-өзі тану»
 
пәнін
 
оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, 
негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), ҚР 
Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес 
жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану»
 
оқу
 
пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан
оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда 
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық 
курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.
 
1-4 сыныптарда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет