1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
2. Бақылау сұрақтары
 
1.
Қазіргі уақытта туризм теориясының дамуы қандай факторлармен 
шартталған? 
2.
Қазақстан Республикасындағы туризм теориясының дамуын 
сипаттаңыз. 
3.
Туризм теориясы философиясының негізгі мақсаттарына не жатады? 
4.
Туризм теориясының философиясы неден бастау алады? 
5.
Туризмнің әлеуметтік-мәдени тиімділігі немен көрінеді? 
6.
Заманауи шарттарда туризм теориясының дамуына қандай 
факторлар әсер етеді? 
7.
Туризмнің қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға әсеріне 
сипаттаңыз. 
8.
Туризмнің функционалды табиғаты неден шығады? 


2 тақырып. ТУРИЗМ САЛАСЫ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Мақсаты: 
Туризм саласы дамуының тарихи аспектілерін анықтау
 
Қарастыратын сұрақтар:
2.1 Ежелгі ғасырлардағы саяхаттар 
2.2 Орта ғасырлардағы саяхаттардың дамуы 
2.3 XVIII-XIX ғасырлардағы туристік қызметтің дамуы 
2.4 XX-XXI ғасырлардағы туризм саласын қалыптастыру және оның 
дамуының негізгі тенденциялары 
2.5 Заманауи Қазақстанның аумағындағы туризмнің қалыптасуы мен 
дамуының ерекшеліктері 
 
2.1 Ежелгі ғасырлардағы саяхаттар 
Ежелгі әлем тарихынан алғашқы адамдар ұйымдастырған саяхаттар 
б.д.д. Х-ХІ мыңжылдықтарда іске асқан және шаруашылық қызметті жүргізу 
үшін жаңа аумақтарды іздеу мақсатында жүзеге асырылған. Иемдену 
шаруашылықтан шаруашылықты жүргізудің өндіруші формасына өту б.д.д. 
IX-VII мыңжылдықта адамдардың саяхаттарының мақсаттарын түбегейлі 
өзгертті. Ежелгі саяхаттардың бірі деп жұпар иістердің танымал елі – Пунтқа 
ескі Египеттің патша әйелі Хатшепсут ұйымдастырған теңіз экспедициясын 
(б.д.д. 1501-1484) есептеген жөн


Б.д.д. 2000 жылда мысырлық Синухит «Синухит оқиғалары» атты 
папируста сипаттай отырып, Кедем еліне, яғни Шығысқа саяхатқа барды. 
Б.д.д. VI ғасырда фараон Нехао Африка бойында танымал үш жылдық 
саяхатты ұйымдастырды


Б.д.д. VI ғасырда ежелгі гректер мен римдіктер Египетке саяхатқа 
барған, онда оларды ежелгі тарих, мәдениет, ерекше табиғат, керемет 
египеттік 
ғимараттар 
қызықтырды. 
Сауықтандыру 
үшін 
ауқатты 
римдіктердің шипажай мен ыстық көздерге барғандығы белгілі. Оларда 
ерекше танымалдылыққа заманауи Швейцария аумағында орналасқан Санкт-
Моритц шипажайы ие болды. Чжан Цан қытай елшісінің саяхаттарының 
(б.д.д. ІІ-ғ.) маңызды практикалық салдары болды – оның маршруты 
бойынша Ұлы жібек жолы жүріп өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет