1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Туристік қызмет нарығының институционалды құрылымы



Pdf көрінісі
бет48/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
13.2 Туристік қызмет нарығының институционалды құрылымы
Туристік нарықтың күрделі құрылымы бар:
- біріншіден, туристік қызметті тікелей өндірушілер түрлі қызмет 
саласына жатады; 
- екіншіден, жеке туристік қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар 
арасындағы қатынастар туристік өнімді қалыптастыратын және жүзеге 
асыратын маманданған кәсіпорындармен делдал.
Туризм инфрақұрылымы, туристік қызметтерді ұсыну саласында өз 
қызметін атқаратын және екінші типті кәсіпорындарға жататын басқа да 
экономика секторларының ұйымдарымен тығыз байланысты болатын, түрлі 
шаруашылық субъектілердің жиынтығын көрсетеді.
Біршама 
ресейлік 
ғалымдардың 
ойы 
бойынша 
туризм 
инфрақұрылымының негізгі құраушылары келесілер болып табылады:
-
туроператорлар, туристік өнімді дайындайды мен оларды өздері немесе 
турагенттер арқылы өткізеді. Басқа сөзбен туроператор – туристік пакетті 
өндіруші. Ол туристік маршруттар мен турларды құрастырумен айналысады; 
олардың қызметін қамтамасыз етеді, жарнаманы ұйымдастырады, осы 
маршруттар бойынша турлардың бағасын есептейді, туристерге турларды 
тікелей өздері немесе делдалдар арқылы (туристік агенттіктер) сатады. 
Туроператор туристерге туристік қызметтердің әр түрін таңдауды 
қамтамасыз етеді және бір мезгілде басқа қалалар мен жергілікті орындарда, 
осы функцияларды өзіне ала отырып, қызмет көрсету тапсырысын 
жеңілдетуді қамтамасыз етеді

;
-
турагенттіктер, туроператорлармен бірге туризм инфрақұрылымының 
негізгі құраушыларының бірі болып табылады. Туристік агентіктер соңғы 
тұтынушымен тікелей байланысқа түсетін бөлшек фирмалар, олар туристер-
клиенттер мен туристік сапар кезінде қызмет көрсететін біршама 
кәсіпорындар арасындағы жалғастырушы буын болып табылады; 

Бухтоярова И. Рынок туристических услуг - инструмент развития регионов / 
СПб, Грета, 2004 г.

Ильина Е. Н. Туроперейтинг: организация деятельности. Учебник. 
М.Финансы и статистика, 2005. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет