1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Қазақстанның туристік нарығының даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет50/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

13.4 Қазақстанның туристік нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу 
кезінде туристік қызмет нарығында күрделі құрылым қалыптасты. Бір 
жағынан экономиканың негізгі секторларында мемлекеттен бөлу мен 


жекешелендіру үрдістері, соның ішінде туризм және рекреация, ал екінші 
жағынан- республика халқының маңызды бөлігінің өмір сүру деңгейінің 
төмендеуі туристік қызметті минимизациялауға әкеліп соқты. Бұл жағдайда 
туристік қызмет нарығында неғұрлым иілгіштік құрылым мен туристік 
қызмет нарығында өтетін конъюнктуралық өзгерістерге тез бейімделетін кіші 
туристік кәсіпорындар қызмет ете бастады.
Бүгінгі күні Қазақстанда танымдық турлардан бастап экстрималды 
турлардан аяқталатын туризмнің барлық түрлері ұсынылған. Сонымен қатар, 
мәдениет, тұрмыс және елдегі халықтың тарихының ерекшеліктеріне орай 
жаңа туристік қызметтер ұсынылады, ол Қазақстанға ғана тиесілі, жеке 
туризм түрлерінің: жайлау, космостық туризм және т.б. пайда болуына әкеліп 
соқты.
Мәні бойынша екінші орында мәдени-танымдық туризм орналасқан, ол 
қазақтың ұлттық мәдениеті, дәстүрі мен менталитеті ретінде ұсынылады, ол 
соңғы жылдары еуропалық және американдық туристер жағынан үлкен 
қызығушылық танытуымен өзекті болып отыр. Берілген туризм үшін 7 аймақ 
ерекшеленген, оның ішінде Ұлы Жібек жолының бөлігі, көшпенділер 
мәдениеті, 9 мыңнан аса ескерткіштер бар, онда, «Қожа Ахмет Яссауи», 
«Айша Бибі», «Бабаджа қатын», «Қарахан» мен «Дәуітбек» кесенелері, 
«Ақыртас» қаласы, Бекет ата жер асты мешітін атап өтсек болады. 
Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің үлкен бөлігіне реставрация жасалды 
және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 
Туристерде рейтинг бойынша үшінші орынды – экологиялық турлар 
алады, Қазақстанда тартымды табиғат ресурстары мен қорық орындары бар. 
Экологиялық туризм аз шығынды және тартымды туризм болып отыр. 
Қазақстанда ұлттық қорықтар мен парктер бойынша 900 аттрактивті 
маршруттар ұсынылған. Шет ел туристерінің сирек және жоғалып бара 
жатқан жануарларды, соның ішінде, қар барысы, тянь-шань аюы, сілеусін, 
жайран және басқаларын, көруге мүмкіндіктері бар, туристер әсіресе, 
қорықтардағы 
«құстар 
жұмағына», 
Қорғалжын 
қорығына 
ерекше 
қызығушылық танытады. 
Туризмнің дамуы Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет 
туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің «Түрік тілді 
мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, БҰҰ жобасын жүзеге 
асыру және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасының 
Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту туралы» және 
«Қазақстан Респбликасының «Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды 
жаңғырту, сақтау мен түркі тілді мемлекеттердің мәдени құндылығын 
дамытумен сабақтастыру, туризм инфрақұрылымын құру» Жарлықтары, 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту 
Тұжырымдамасымен қамтамасыз етілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет